Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тунус қалашығы"
(→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Тунус қалашығы (орыс. Тунусский городок) — Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Омбы облысының Муромцев ауданында, Нижняя Тунгуска өзенінің (Тара өзенінің тармағы) сол жақ жағалауында орналасқан.
Тарихы
Қалашық Г.Ф. Миллер жинаған материалдарда Тунус болысының орталығы ретінде танымал. Оның тапқан құжаттарында қалашықтың XVI ғасырдың аяғындағы тағдыры баяндалған. 1595 жылдың наурызында таралық отряд қалашықты қоршауға алып, өрттеп жіберген. Тунус С.У. Ремезовтың «Сібірдің хорографиялық кітабында» және К.Н. Сербинаның картасында кездеседі. Қалашық Көшім ханның шығысқа бағытталған сәтті жорықтарынан кейін салынған. Тиімді орналасуына байланысты қалашық Ертіс өңірі мен Барабы даласын байланыстырып, маңызды саяси-экономикалық рөл ойнаған. Көршілес қалашықтармен бірге (Қоскөл IV және Екатеринск V) қорғаныс шебін құрап, ханты тайпаларын Ертістің бойынан ығыстырған. Сонымен қатар қалашық алым-салық жинау орталығы қызметін атқарған. Жергілікті халықтың аздығына байланысты Көшім хан Оңтүстік Орал мен шығыс башқұрт жерлерінен аялы татарларын көшірген. Ескердің түбінде жеңіліс тапқан Көшім хан Ертіс өңірінің оңтүстігіне шегініп, орыс отрядтарына қарсы күресті осы аймақтан жалғастырған. Ертіс өңіріндегі қалашықтар мен елді-мекендер ханның уақытша ордаларына айналды. Тунус қалашығының орны 2002 жылы барлау жұмыстары кезінде анықталды. 2003-2006 жылдары С.Ф. Татауров бастаған экспедиция қалашықта зерттеу жұмыстарын жүргізген. Археологиялық қазба жұмыстарының барысында Тунус қалашығының XVI ғасырдың 70-ші жылдары қаланғаны анықталды. Қалашықта табылған керамиканың пішіні мен ою-өрнегі Шыңғы-Тұра, Тон-Тұра және т.б. елді-мекендерде табылған ыдыс-аяқпен бірдей.
Әдебиет
- Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
- Миллер Г.Ф. История Сибири. Изд. 2-е, дополненное. М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 1999, Т.1. 630 с.
- Томилов Н.А. Тюркоязычное население Западно-Сибирской равнины в конце XVI - первой четверти XIX вв. Томск: Изд-во Томск. ун-та, 1981. 276 с.
- Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2