Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұзықтөбе"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Бұзықтөбе (І-ХV ғғ.) – ортағасырлық қала, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Ақтөбе ауылынан 1 км оңтүстік-шығыста, Бөген өзенінің жағасында орналасқан.

Деректер

Ертедегі егіншілердің қонысы ретінде қалыптасып, VI-VIII ғасырларда қалаға айналған. X ғасыр шамасында Бурук деп аталған. Ортағасырлық автор әл-Мақдисидің жазбаларында қала ірі сауда орталығы болғаны айтылады. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасыр деректерінде ол Шелек деген атпен белгілі. Қала тіршілігін 15 ғасырдың I-жартысында тоқтатқан.

Сипаты

Бұзықтөбені алғаш 1951 жылы А.Н. Бернштам, 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген.
Қазба жұмысы кезінде қаланың I-XI ғасырлар аралығында болғанын білдіретін көптеген археологиялық материалдар: қыш ыдыстар, шыныдан жасалған заттар, теңгелер табылды. Төбе үш бөліктен: цитадель, шаһристан және рабадтан тұрады. Орталық бөлігінің құлаған орнының аумағы 300x190 м, биіктігі 7-8 м, оңтүстік бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы төменгі жағында 90 м, үстіңгі жағындағы тегіс алаңның аумағы 35 м, биіктігі 13 м. Қаланың жобасынан оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі қақпаның (жалпақтығы 10-15 м) іздері байқалады. Шахристанды қоршаған қорғаныс қабырғасының құлаған орындары сақталған. Оның сыртынан терең ор қазылған. Рабадтың территориясынан бір-біріне жалғастыра салынған қарапайым тұрғын үйлер мен оларды бөліп жатқан көшелердің іздерін көруге болады.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Әдебиет

  • Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., Древний Отрар, А.-А., 1972.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте