Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызылтөбе қалашығы (Сайрам ауданы)"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Қызылтөбе – ортағасырлық қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Сайрам ауданы Ақсу өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Сипаты
1968 жылы Шымкент педогогикалық институтының археологиялық отряды зерттеген.
Қалашықтың ішкі қамалының қазіргі орны табаны 60х80 м, үстіңгі жағы 40х50 м, биіктігі 10 м төбешік. Оған шығыс және батыс жағынан ауданы 0,2 га екі төбешік (рабад орны) жалғасады. Мұндағы құрылыс орындары пахса блоктарынан (ұзындығы 1,2-1,5 м, қалыңдығы 0,6-0,7 м) және шикі кірпіштен (көлемі 38х18х8 см) тұрғызылған.
Археологиялық зерттеу барысында шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдаланатын құм, тостаған, саптаяқ ыдыс сынықтары табылған. Сондай-ақ Қарахандар әулеті билік құрған кезеңге жататын сырлы ыдыстар, дәнүккіштер, саз ыдыстар күйдіруге арналған пеш орны да аршылған. Қазба жүргізу нәтижесінде алынған заттарға қарағанда Қызылтөбені халық VIII-XII ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>