Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Араласар қонысы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Қорымдар мен егіс алаңдары)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Араласар қонысыҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық қоныс.

Орналасқан жері

Арал ауданы, Қаратерең ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 61,8 км жерде орналасқан.

Қоныс сипаты

Ортағасырлық қоныс пен оның құрылыс қалдықтары қазіргі кезде тартылған теңіз табанынан анық көрініп жатыр. Қала құрылысының қам кесектен тұрғызылған ғимараттарын Арал теңізінің суы толықтай жуып-шайып кеткен. Кезінде қала арқылы өтетін ені 2-2,5 м болатын су жүрген каналдың іздері сол заманда мұнда ирригациялық жүйенің дамығандығын айғақтайды. Шамасы, ортағасырлық тұрғындар Сырдария өзенінің сағасынан су тартқан болуы мүмкін.

Қабаттары

Қоныстың жалпы ауданы 6 га құрайды. Оның үстіңгі қабаты бір кездері қайнаған тіршіліктің қарқынды дамығанын көрсетеді. Көп көлемдегі диірмен тастар, керамикалық ыдыстар, темір және қола бұйымдар бөліктерінің табылуын құм мен қабыршықтардан түзілген шөгінді қабат айғақтайды. Мәдени қабатының қалыңдығы небәрі 15-20 см. Осы аймақтағы тіршілік іздерін көрсетілген қабат көміп қалған. Қоныстың орталық бөлігі (190×136 м) сопақша келген, жоғарғы қабаты тегіс (ең биік нүктесі 20 см-ге дейін жетеді), солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Кішігірім бедерлі төмпешіктер (15 см-ге дейін) бір кездегі құрылыс іздерін аңғартады.

Арналары мен алаңқайлары

Қоныстың солтүстігі мен батыс жағы суы тартылған арналармен (ені 5-6 м, тереңдігі 30-40 см) және ашық алаңқайлармен шектеседі. Ашық алаңқайлар, каналдардың қалдықтары, өзен арналары және диаметрі 1 м болатын дөңгелек диірмен тастардың (15 дана) шашылып жатуы бұл жердің шаруашылық аймақ болғандығын көрсетеді. Осы жерді солтүстік-батыс жағынан тұрғын үйлердің қираған орындары жартылай қоршап жатыр.

Қорымдар мен егіс алаңдары, шаруашылығы

Қоныстың оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігі батыстан шығысқа қарай созылып жатқан қорыммен шектеседі. Қорымның көлемі 400х110 м. Қорымның аумағы онда шашылып жатқан күйген кірпіштердің қалдықтарынан анық байқалады. Олар қираған кесенелер мен олардың еденіне төселген кірпіштер. Қоныстың аумағы өте болмашы биіктікте сақталған сыртқы қорғаныс дуалдарының іздері мен оның сыртынан қоршаған ордың қалдықтарынан әрең байқалады. Қоныстың маңында егін еккен алаңдардың іздері қалған. Алаңдарды жайылып кеткен дуалдар қоршаған. Айнала топырақ үйілген белдемшелермен қоршалған егіс алаңдарының көлемі 12×85 м. Олар тұрғын жайлардан тереңдігі 15-20 см, ені 3-4 м болатын орлармен (немесе жасанды арналармен) бөлініп жатыр. Егіс алаңының жоғарғы қабатының оңтүстігі мен солтүстігін қоршаған орлар көрінер-көрінбес жал түрінде сақталған. Олардың ені 5 м, биіктігі 20-30 см.
Егін егу қала тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі болған. Негізінен дәнді дақылдар өсірген болса керек. Суда өсетін арамшөп тозаңдарын зерттеген палинологтар Араласар тұрғындарының күріш өсіруі мүмкін екендігін болжалды түрде айтады. Көп кездесетін диірмен тастар мен бөлмелерден табылған ұн, астық сақтауға арналған ірі хұмдар астық өсіріліп, ұн өндіретін диірмендердің көп болғандығын білдіреді.

Қоныстан табылған екі күміс теңге Алтын Орда дәуірінде, XIV ғасырда соғылғаны анықталды. Олардың бетінде Жәнібек хан (1341-1357 ж.ж.) мен Наурыз бек (760-761 х.ж.ж/1358-1361 ж.ж.) есімдері және соғылған сарай Сарай-әл-Жадид жазылған.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Әдебиеттер

  • Аубекеров Б.Ж., Пачикин К., Воякин Д.А., Таксеитова Г., Кузнецова Л., Нигматова С.А. Ландшафтные условия и природная среда времени существования поселения Кердеры (Арал) // Проблемы экологической геоморфологии: матер. междунар. научн.-практич. конф. «IV Жандаевские чтения» (17–19 апреля 2007). / Под ред. Р.Т. Бексеитовой, Л.К. Веселовой. – Алматы: «Казак университетi», 2007. – С. 64–67.
  • Байпаков К.М., Воякин Д.А. Поселение Арал-Асар // Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Кызылординскаяобласть. – Алматы: Аруна, 2007. – 376 с. – С. 61–63.
  • Байпаков К.М., Воякин Д.А. Некрополь Кердери 2 // Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Кызылординская область. – Алматы: Аруна, 2007. – 376 с. – С. 63–65.
  • Байпаков К.М., Воякин Д.А., Айдосов А., Мамиев Т. Города на дне Арала // Промышленность Казахстана. – 2004. – № 6 (27). – С. 94–97.
  • Байпаков К.М., Воякин Д.А., Айдосов А.Х., Антонов М.А., Бермагамбетов А., Шишков А. Археологические исследования на дне Арал // Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2006 жылғы археологиялық зерттеулер жайлы есеп. Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие» в 2006 году. – Алматы, 2007. – С. 119–122 (на каз., рус.).
  • Байпаков К.М., Воякин Д.А., Айдосов А.Х., Нургазаринов А., Баштанник С., Сорокин Д.С. Археологические исследования памятников на дне Аральского моря // Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие» в 2007 году. – Алматы, 2008. – С. 89–99 (на каз.); – С. 238–248 (на рус.).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер