Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызылқала қалашығы"
ш (1 түзету) |

| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Қызылқала қалашығы''' - Маңғыстау | + | {{Көне қалашық |
| − | + | |Атауы = Қызылқала қалашығы | |
| − | + | |сурет = Қызылқала қаласы. Қазба жұмыстары.jpg | |
| − | + | |өлшемі = 250px | |
| − | 2004 | + | |Сурет атауы = |
| − | < | + | |Мәртебесі = Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші |
| − | < | + | |Мемлекет = |
| + | |Қазіргі жері = {{KAZ}}, [[Маңғыстау облысы]] | ||
| + | |Қалануы = X-XIII ғасырлар | ||
| + | |Қалаушы = | ||
| + | |Деректерде атала бастады = | ||
| + | |Басқаша атаулары = Ақмыш | ||
| + | |Халық саны = | ||
| + | |Қиралды = | ||
| + | |Қиралу себебі = | ||
| + | |Орналасуы = | ||
| + | |lat_dir = N |lat_deg = 44|lat_min = 14|lat_sec = 43 | ||
| + | |lon_dir = E |lon_deg = 51|lon_min = 59|lon_sec = 22 | ||
| + | |region = | ||
| + | |CoordScale = | ||
| + | |Позициялық карта 1 = Қазақстан | ||
| + | |ПозКарта 1 ені = | ||
| + | |crosses180 = | ||
| + | |Облыс картасы = | ||
| + | |Ортаққордағы санаты = | ||

| + | '''Қызылқала қалашығы''' – [[Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген X-XIII ғасырлардағы археологиялық ескерткіш. | ||

| + | == Орналасқан жері == | ||
| + | [[Маңғыстау ауданы]], [[Шетпе]] аулынан 18 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан. | ||

| + | == Зерттелуі == | ||
| + | Қызылқаланың зерттелу тарихы Маңғыстау өңірін зерттеген археологтардың назарынан ешуақытта тыс қалмаған. Ресейдің "Еділ-Каспий" археологиялық экспедициясы (1985 жыл) алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізсе, соңғы көлемді зерттеу (2008 жыл) "археология" ЖШС мен түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ғылым орталығы қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген. Маңғыстау МТМҚ ММ ғылыми қызметкерлерімен (2004 жыл) Қызылқаладағы қазба жұмысы барысында, қамалдың құрылымын, сақталу деңгейін зерттеген. 2005 жылғы зерттеу жұмысында айнала қоршаулы жер шаруашылық аймағы деп аталатын бөлігі, ондағы 3-4 бөлмеден тұратын құрылыс орындары ашылған.

| + | Ескерткіш туралы негізгі мәліметтер (2004-2005 жылдар аралығында) Маңғыстау МТМҚ ММ қызметкерлерімен алдын-ала зерттеулер нәтижелері бойынша алынған. | ||

| + | == Қалашық сипаты == | ||
| + | [[Сурет:Қызылқала қаласы. Ақмыш жері және қалашықтың жоғырдан көрінісі.jpg|thumb|right|200px|Қызылқала қаласы. Ақмыш жері және қалашықтың жоғарыдан көрінісі.]] | ||
| + | Қаланың жалпы көлемі жөнінде түрлі жорамал бар, әзірге белгілісі аталған елді-мекеннің аумағы 30 га жерді алып жатыр. [[Ақмыш]] өзенінің оң жағасында орналасқан қала жұрты туралы, жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, Қызылқаланың екінші аты – Ақмыш. Себебі, елді-мекеннің жанында ағатын өзеннің атауы да – Ақмыш. Бұл атау осы кезге дейін сақталған. Жазба деректердегі нақтылы атауы әлі де – белгісіз.

| + | Қалашық солтүстікктен оңтүстікке қарай ағып жатқан 2 жылға арнасы бойында ұзындығы 700 м, ені 400 м болып орналасқан шағын арнаның солтүстігіне қарай бір арнаға бірігер тұсында. Оның ені 15-20 м, терендігі 5 м-ге дейін жетеді. Шығыс жақ арнасы бірнеше кішігірім бұлақтардан су алады. Екі арнаның ортасындағы жер айтарлықтай жадағай, солтүстік бағытына қарай еңіс, биіктіктен құлдилауы 4 м-ге дейін. Батыс бөлігінде жал болып тұрған солтүстік-батыс-батыс және оңтүстік-шығыс-шығыс сызық бойында 140 м-ге созыла орналасқан дөң жанында.

| + | Қазір бұл қала, бекініс қамалының қирандысынан тұрады. Оның айналасында көптеген шаруа қожалықтары топтасқан. Бекініс қамалының зәулім болғандығы, оның биік дуалынан жақсы байқалады (биіктігі 3 м-ге дейін), ені 1,9-2 м сауыт тәріздес, ірі тас қаланды элементерімен ерекшеленеді. Солтүстік-батыс қабырғасының орта тұсында басты қақпа орналасқан. Құрылымы бойынша қабырға шетіндегі бір түзу бойында тұрмайтын 2 мұнара орнатылғандықтан, бекініс қақпаға қиғаштай кіретіндігін көрсетеді. Бекініс қабырғасының сырт жағынан шығыңқы тас қаландысы мен екі аралық мұнарамен бірге, барлығы 13 мұнарасы бар. Олардың ені 5 м-ге жуық, бекініс жалының қатарынан орта есеппен сыртқа қарай 0,6 м шығыңқы орналасқан. Мұндағы тұрғын-үй (рабат) құрылысының аумағы жер бетінен табылған заттай бұйымдардың – қыш ыдыс, плинфа сынығы, мал сүйектерінің қалдығы және т.б., сонымен қатар құрылыс іргетастары шоғырланған жерлері де жақсы байқалады.

| + | Іргетастар (толығымен немесе кей бөліктерін) жердің үстіңгі қабатында көрініп тұрған тас қаландысы мен қабырға ортасында толтырылатын тас үйіндісі арқылы байқалады. Арнайы жасалған жоспар бойынша (2004 жыл) жер бетінде анық көрінбейтін тұстарын есепке алмағанда, 200-ге жуық тұрғын үйдің және тұрмыстық құрылыстардың іргетас орындары анықталды.

| + | === Тұрмыс құрылыстары === | ||
| + | Далалық маусымдағы зерттеу жұмыстары барысында, (2005 жыл) қоныстың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тақыр аймағынан тағы да жаңа тұрмыстық құрылыс орындары аршылды. Бұл жерде шамамен 20-22 құрылыс орнының іргетасы табылды. Олардың саны айтылғаннан да көп болу ықтимал. Өйткені, кей жерлерде шым қабаты қалың өсіп кеткендіктен құрылыс орны анық көрінбейді. Бекініс жалының батыс жағында арнаның қарсы жағалауында тағы да бір онға жуық қожалық шаруалық жұртының орны анықталды.

| + | Тақыр жазығы оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағына қарай жал болып жатқан дөңмен қоршалып, олардың ортасында қолдан үйіп жасалған жал байқалады. Оның ұзындығы шамамен 70 м, төменгі жағының ені 20 м-ге дейін, ал биіктігі 2 м-ге жетеді. Жалдың үш жерінде ойығы, ал қарсы бетінде тақыр жазықтық бар (2 га жуық), бірақ оның жер деңгейі жоғары. Бұл жерден [[Қаратау жотасы (Маңғыстау)|Қаратау]] қыратынан бастау алатын маусымдық су жылғасы өтеді. Осы жал өзен арналарымен толатын су қойма бөгетінің міндетін атқарған болу мүмкін.

| + | Қызылқаладағы археологиялық кешенді жұмыстарды жүргізудегі басты екі мақсат: бірінші, қамалдың сақталу деңгейі, оның құрылымы, жасалу үлгісін анықтау; екіншісі, қамалға қатысты құрылыс орындарын ашу.

| + | Қазір қала қамалының сыртында қазба жұмыстары жүргізіліп, оның жасалу үлгісіне және оны қоршап жатқан тас қоршаудың жасалу ерекшелігі анықталған.

| + | Қала жұрты, тұрғылықты халық арасында тас өңдеу ісінің асқан шеберлері болған. Себебі, әрбір құм тастың өңделу технологиясы бойынша оған тең келер еш жерде баламасы жоқ дүниелер жасалған деуге болады. Қала өміріндегі бекініс қабырға оның өмір сүруінің соңғы кезеңіне қатысты құрылыс. Қаладағы өмір бірден тоқтап қалмай, қауіп-қатер болған жағдайдың өзінде халық бірден көшіп кетпеген. Қазба барысында кездескен деректер XII-XIV ғасрларды көрсетеді. Қазба жұмыстары ары қарай жалғасып, табиғи жер қыртысына жеткенде, оның өзінде басқа қазба деректер болуы да мүмкін. | ||

| + | === Жәдігерлер === | ||
| + | [[Сурет:Қызылқала қаласы. Қол орақ.jpg|thumb|right|200px|Қызылқала қаласы. Қол орақ.]] | ||
| + | [[Сурет:Қызылқала қаласы. Қыш ыдыс -Хұм.jpg|thumb|right|200px|Қызылқала қаласы. Қыш ыдыс-Хұм. ]] | ||
| + | [[Сурет:Қызылқала қаласы. Табылған моншақтар.jpg|thumb|right|200px|Қызылқала қаласы. Табылған моншақтар.]] | ||
| + | [[Сурет:Қызылқала қаласы. Қарапайым шырағдан.jpg|thumb|right|200px|Қызылқала қаласы. Қарапайым шырағдан.]] | ||
| + | Қазба жұмысын жүргізу барысында үстіңгі құрылыстың топырақ қабатынан әртүрлі сырлы, сырсыз ыдыс сынықтары табылған. Сырлы ыдыс арасында хұмның, асханаға арналған көзе, құтының т.с.с ыдыс сынығы жиі ұшырасады. Сонымен қатар, әшекейлі сырға, темір жебе ұштары шыққан. Үстіңгі топырақ қабатты аршыған кезде шартты түрде бөлінген бірінші "а" бөлігінен (шаршысынан) неолит кезеңінің (жаңа тас ғасырының) тастан жасалған еңбек құралдары шыққан. Олардың арасында қырғыш, нуклеус бұйымдары тұрмыста өте жиі пайдаланылғандықтан олардың мұқалған қыры, бұрыштары көзге ерекше түседі. Бұл құралдар теріні өңдеуге, кесуге, тілуге және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған.

| + | Қызылқала қамалынан табылған бүкіл тарихи жәдігерлер, артефактілер жергілікті тарихи-өлкетану мұражайында. Зертханалық өңдеу жұмыстарын өткізгенде олардың фотосуреттері, жасалу үлгісі, технологиясы да анықталған. Қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде қазіргі уақыттағы ауыл артында (12 га жуық) үлкен жер аумағы аршылды. Құрылыс іргетастары көрінбейді дегенмен, шарықта жасалған қызыл түсті қыш ыдыстардың сынықтары көптеп кезігеді. Осы жердің шығыс бөлігі егістік орыны, қазіргі уақытта қараусыз қалған бақшалық орны.

| + | Кезінде бұл жер тұрақты қоныс орны болған және оны көшпелілердің маусымдық қыстауы ретінде қолданған болуы да мүмкін. Дәл осындай, бірақ кіші көлемдегі қоныстың оңтүстік-батыста да байқалады. | ||

| + | === Жерлеу орындары === | ||
| + | Қала құрылыстарының сыртында зираттар орналасқан. Қалашықтың оңтүстік-шығыс бөлігінде, жалпы көлемі 2 га болатын сол дәуірге жататын мұсылман зираты бар. Осы жердегі құрылыстардың іргетас көлемі 5×5 м, 3×3 м болтын және тас қаланды, қоршау түрінде де кездеседі. Жерлеу үстіндегі сәулет құрылыстары жөнді байқалмайды. Зираттан басқа 15 сопақша тас үйіндісі кейіптегі жерүсті құрылысының қирандылары анықталған. Кейбір құрылыстың тысы сырланған (плинфа) және өрнегі бар кесек түрлері қолданылған. Қорымда саны 5-7 бастап, ұзын саны 25-30-ға дейінгі жерлеу орындары бар. Шыңыс, батыс кіндік (ось) сызығы бойымен орналасқан зираттар, 2 жақ бағытқа да бағытталған. Негізгі бағыттары солтүстік және оңтүстік. Қорымдағы зираттардың барлығы бір бағытта орналасқан. Қорымдар жүйек тәрізді төбелерде немесе оның іргесінде орналасқан. | ||

| + | === Су торабы жүйесі === | ||
| + | Қалашықтың оңтүстік-батыс бөлігінде байырғы су арнасы торабында диаметрі 4-6 м болатын 12 шұңқыр орналасқан. Шұңқыр айналасында, оның кей жерлерінде тас үйіндісі байқалады. Қазіргі тереңдігі 1 м.

| + | Маусымдық су арнасы батысқа қарай 10-15 м қашықтықта және ежелгі арнадан 1-1,3 м жерде орналасқан. Қала жұртынан қайта ашылған құрлыстарды қосқанда, оның қазіргі көлемі 50 га.

| + | Ескерткіштің ортаңғы мәдени қабатының биіктігі 1 м және одан жоғарысы 3 м. Қала X-XIII ғасырлардың бас кезіне тиесілі. | ||

| + | == Қалашық туралы жазба деректер == | ||
| + | Ортағасырлық тарихи мәліметтерде [[Орталық Азия]]дағы қазіргі Маңғыстау аумағындағы елді-мекендер туралы деректер аз. Дегенмен, Хусейнидің жазбаларында, қыпшақтар тұрған Маңғышлақ бекінісін (1065 жыл) [[Алып Арслан|Алып-Арслан]]ның басқарумен [[селжүктер]]дің қоршауға алғаны туралы айтылады (бұл кезде селжүктер – [[хорасан]]дық әулетке қарайтын мұсылманданған [[Оғыздар|оғыз]] тайпасы болатын). Қыпшақтардың селжүктерге берілулеріне тура келеді. Хусейни Маңғыстауда қыпшақтармен қатар, маңғышлақтық языр тайпаларының қоныстағаны туралы да айтады (біріккен оғыз-түркімен тайпалары).

| + | Одан кейін Маңғыстау туралы жаңа мәліметтерді 65 жылдан кейін, Якуттың [[Атсыз]] Хорезмшахтың (1127-1156 жж.) басқару кезеңі еңбегінде біршама айтылады.

| + | Хорезмшах Атсыз [[Хорезмшах мемлекеті|Хорезм мемлекеті]]нің тәуелсіздігі үшін селжүктерге қарсы шыққан алғашқы билеуші. "Маңғышлақ – Хорезмнің шет аймағындағы мықты бекініс, Хорезм, Саксин (қала, Еділдің құлаған құрлыстарының үстіне тұрғызылған) және орыс елінің арасында орналасқан, Жейхун дариясы құятын теңіз жағалауында, бұл теңіз табарстандікі" – деп жазады. Якут Атсызды мадақтап, "сен Маңқышлаққа халқының арасында үрей тудырып, өткір қылыштай найзағай жібердің" деген мына жолдарды келтіреді.

| + | Атсыз осы жорықтан кейін [[Санжар сұлтан|Санжар]] сұлтаннан (Хорасандағы селжүк әулетінің соңғы тақ мұрагері) Маңғышлақта мұсылмандардың қанын төккені үшін сөгіс алады. Маңғышлақ қаласының аты (12 ғ.) бүкіл географиялық ауданға тегіс жайылады. [[Әл-Истахри|Истахри]]дың айтқандарын қайталаған Мұхаммад ибн над-жиб Бекран Маңғышлақ туралы: – Сиякухаға келген түрік тайпалары еді - деп жазады.

| + | Зерттеушілердің пайымдауынша, Қызылқала сол атақты Маңғышлақ болуы мүмкін. Біріншіден, қаланың гүлдену кезеңі XI-XII ғасырларға жатады. Екіншіден, Қызылқала бекінісі X ғасырдың екінші жартысында тұрғызылған және өзіндік ерекшілігі жағынан Хорезмге жақын, Орталық Азиядағы қала мәдениеті ұқсас келетін Маңғыстауға өте жақын орналасқан.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref> | ||
== Дереккөздер == | == Дереккөздер == | ||
| − | [[Санат:Қазақстан | + | {{дереккөздер}} |

| + | [[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]] | ||
[[Санат:Қазақстан көне қалалары]] | [[Санат:Қазақстан көне қалалары]] | ||
| + | [[Санат:Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері ]] | ||
14:23, 2025 ж. наурыздың 5 кезіндегі түзету
Үлгі:Көне қалашық Қызылқала қалашығы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген X-XIII ғасырлардағы археологиялық ескерткіш.
Мазмұны
Орналасқан жері
Маңғыстау ауданы, Шетпе аулынан 18 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Зерттелуі
Қызылқаланың зерттелу тарихы Маңғыстау өңірін зерттеген археологтардың назарынан ешуақытта тыс қалмаған. Ресейдің "Еділ-Каспий" археологиялық экспедициясы (1985 жыл) алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізсе, соңғы көлемді зерттеу (2008 жыл) "археология" ЖШС мен түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ғылым орталығы қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген. Маңғыстау МТМҚ ММ ғылыми қызметкерлерімен (2004 жыл) Қызылқаладағы қазба жұмысы барысында, қамалдың құрылымын, сақталу деңгейін зерттеген. 2005 жылғы зерттеу жұмысында айнала қоршаулы жер шаруашылық аймағы деп аталатын бөлігі, ондағы 3-4 бөлмеден тұратын құрылыс орындары ашылған.
Ескерткіш туралы негізгі мәліметтер (2004-2005 жылдар аралығында) Маңғыстау МТМҚ ММ қызметкерлерімен алдын-ала зерттеулер нәтижелері бойынша алынған.
Қалашық сипаты
Қаланың жалпы көлемі жөнінде түрлі жорамал бар, әзірге белгілісі аталған елді-мекеннің аумағы 30 га жерді алып жатыр. Ақмыш өзенінің оң жағасында орналасқан қала жұрты туралы, жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, Қызылқаланың екінші аты – Ақмыш. Себебі, елді-мекеннің жанында ағатын өзеннің атауы да – Ақмыш. Бұл атау осы кезге дейін сақталған. Жазба деректердегі нақтылы атауы әлі де – белгісіз.
Қалашық солтүстікктен оңтүстікке қарай ағып жатқан 2 жылға арнасы бойында ұзындығы 700 м, ені 400 м болып орналасқан шағын арнаның солтүстігіне қарай бір арнаға бірігер тұсында. Оның ені 15-20 м, терендігі 5 м-ге дейін жетеді. Шығыс жақ арнасы бірнеше кішігірім бұлақтардан су алады. Екі арнаның ортасындағы жер айтарлықтай жадағай, солтүстік бағытына қарай еңіс, биіктіктен құлдилауы 4 м-ге дейін. Батыс бөлігінде жал болып тұрған солтүстік-батыс-батыс және оңтүстік-шығыс-шығыс сызық бойында 140 м-ге созыла орналасқан дөң жанында.
Қазір бұл қала, бекініс қамалының қирандысынан тұрады. Оның айналасында көптеген шаруа қожалықтары топтасқан. Бекініс қамалының зәулім болғандығы, оның биік дуалынан жақсы байқалады (биіктігі 3 м-ге дейін), ені 1,9-2 м сауыт тәріздес, ірі тас қаланды элементерімен ерекшеленеді. Солтүстік-батыс қабырғасының орта тұсында басты қақпа орналасқан. Құрылымы бойынша қабырға шетіндегі бір түзу бойында тұрмайтын 2 мұнара орнатылғандықтан, бекініс қақпаға қиғаштай кіретіндігін көрсетеді. Бекініс қабырғасының сырт жағынан шығыңқы тас қаландысы мен екі аралық мұнарамен бірге, барлығы 13 мұнарасы бар. Олардың ені 5 м-ге жуық, бекініс жалының қатарынан орта есеппен сыртқа қарай 0,6 м шығыңқы орналасқан. Мұндағы тұрғын-үй (рабат) құрылысының аумағы жер бетінен табылған заттай бұйымдардың – қыш ыдыс, плинфа сынығы, мал сүйектерінің қалдығы және т.б., сонымен қатар құрылыс іргетастары шоғырланған жерлері де жақсы байқалады.
Іргетастар (толығымен немесе кей бөліктерін) жердің үстіңгі қабатында көрініп тұрған тас қаландысы мен қабырға ортасында толтырылатын тас үйіндісі арқылы байқалады. Арнайы жасалған жоспар бойынша (2004 жыл) жер бетінде анық көрінбейтін тұстарын есепке алмағанда, 200-ге жуық тұрғын үйдің және тұрмыстық құрылыстардың іргетас орындары анықталды.
Тұрмыс құрылыстары
Далалық маусымдағы зерттеу жұмыстары барысында, (2005 жыл) қоныстың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тақыр аймағынан тағы да жаңа тұрмыстық құрылыс орындары аршылды. Бұл жерде шамамен 20-22 құрылыс орнының іргетасы табылды. Олардың саны айтылғаннан да көп болу ықтимал. Өйткені, кей жерлерде шым қабаты қалың өсіп кеткендіктен құрылыс орны анық көрінбейді. Бекініс жалының батыс жағында арнаның қарсы жағалауында тағы да бір онға жуық қожалық шаруалық жұртының орны анықталды.
Тақыр жазығы оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағына қарай жал болып жатқан дөңмен қоршалып, олардың ортасында қолдан үйіп жасалған жал байқалады. Оның ұзындығы шамамен 70 м, төменгі жағының ені 20 м-ге дейін, ал биіктігі 2 м-ге жетеді. Жалдың үш жерінде ойығы, ал қарсы бетінде тақыр жазықтық бар (2 га жуық), бірақ оның жер деңгейі жоғары. Бұл жерден Қаратау қыратынан бастау алатын маусымдық су жылғасы өтеді. Осы жал өзен арналарымен толатын су қойма бөгетінің міндетін атқарған болу мүмкін.
Қызылқаладағы археологиялық кешенді жұмыстарды жүргізудегі басты екі мақсат: бірінші, қамалдың сақталу деңгейі, оның құрылымы, жасалу үлгісін анықтау; екіншісі, қамалға қатысты құрылыс орындарын ашу.
Қазір қала қамалының сыртында қазба жұмыстары жүргізіліп, оның жасалу үлгісіне және оны қоршап жатқан тас қоршаудың жасалу ерекшелігі анықталған.
Қала жұрты, тұрғылықты халық арасында тас өңдеу ісінің асқан шеберлері болған. Себебі, әрбір құм тастың өңделу технологиясы бойынша оған тең келер еш жерде баламасы жоқ дүниелер жасалған деуге болады. Қала өміріндегі бекініс қабырға оның өмір сүруінің соңғы кезеңіне қатысты құрылыс. Қаладағы өмір бірден тоқтап қалмай, қауіп-қатер болған жағдайдың өзінде халық бірден көшіп кетпеген. Қазба барысында кездескен деректер XII-XIV ғасрларды көрсетеді. Қазба жұмыстары ары қарай жалғасып, табиғи жер қыртысына жеткенде, оның өзінде басқа қазба деректер болуы да мүмкін.
Жәдігерлер
Қазба жұмысын жүргізу барысында үстіңгі құрылыстың топырақ қабатынан әртүрлі сырлы, сырсыз ыдыс сынықтары табылған. Сырлы ыдыс арасында хұмның, асханаға арналған көзе, құтының т.с.с ыдыс сынығы жиі ұшырасады. Сонымен қатар, әшекейлі сырға, темір жебе ұштары шыққан. Үстіңгі топырақ қабатты аршыған кезде шартты түрде бөлінген бірінші "а" бөлігінен (шаршысынан) неолит кезеңінің (жаңа тас ғасырының) тастан жасалған еңбек құралдары шыққан. Олардың арасында қырғыш, нуклеус бұйымдары тұрмыста өте жиі пайдаланылғандықтан олардың мұқалған қыры, бұрыштары көзге ерекше түседі. Бұл құралдар теріні өңдеуге, кесуге, тілуге және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған.
Қызылқала қамалынан табылған бүкіл тарихи жәдігерлер, артефактілер жергілікті тарихи-өлкетану мұражайында. Зертханалық өңдеу жұмыстарын өткізгенде олардың фотосуреттері, жасалу үлгісі, технологиясы да анықталған. Қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде қазіргі уақыттағы ауыл артында (12 га жуық) үлкен жер аумағы аршылды. Құрылыс іргетастары көрінбейді дегенмен, шарықта жасалған қызыл түсті қыш ыдыстардың сынықтары көптеп кезігеді. Осы жердің шығыс бөлігі егістік орыны, қазіргі уақытта қараусыз қалған бақшалық орны.
Кезінде бұл жер тұрақты қоныс орны болған және оны көшпелілердің маусымдық қыстауы ретінде қолданған болуы да мүмкін. Дәл осындай, бірақ кіші көлемдегі қоныстың оңтүстік-батыста да байқалады.
Жерлеу орындары
Қала құрылыстарының сыртында зираттар орналасқан. Қалашықтың оңтүстік-шығыс бөлігінде, жалпы көлемі 2 га болатын сол дәуірге жататын мұсылман зираты бар. Осы жердегі құрылыстардың іргетас көлемі 5×5 м, 3×3 м болтын және тас қаланды, қоршау түрінде де кездеседі. Жерлеу үстіндегі сәулет құрылыстары жөнді байқалмайды. Зираттан басқа 15 сопақша тас үйіндісі кейіптегі жерүсті құрылысының қирандылары анықталған. Кейбір құрылыстың тысы сырланған (плинфа) және өрнегі бар кесек түрлері қолданылған. Қорымда саны 5-7 бастап, ұзын саны 25-30-ға дейінгі жерлеу орындары бар. Шыңыс, батыс кіндік (ось) сызығы бойымен орналасқан зираттар, 2 жақ бағытқа да бағытталған. Негізгі бағыттары солтүстік және оңтүстік. Қорымдағы зираттардың барлығы бір бағытта орналасқан. Қорымдар жүйек тәрізді төбелерде немесе оның іргесінде орналасқан.
Су торабы жүйесі
Қалашықтың оңтүстік-батыс бөлігінде байырғы су арнасы торабында диаметрі 4-6 м болатын 12 шұңқыр орналасқан. Шұңқыр айналасында, оның кей жерлерінде тас үйіндісі байқалады. Қазіргі тереңдігі 1 м.
Маусымдық су арнасы батысқа қарай 10-15 м қашықтықта және ежелгі арнадан 1-1,3 м жерде орналасқан. Қала жұртынан қайта ашылған құрлыстарды қосқанда, оның қазіргі көлемі 50 га.
Ескерткіштің ортаңғы мәдени қабатының биіктігі 1 м және одан жоғарысы 3 м. Қала X-XIII ғасырлардың бас кезіне тиесілі.
Қалашық туралы жазба деректер
Ортағасырлық тарихи мәліметтерде Орталық Азиядағы қазіргі Маңғыстау аумағындағы елді-мекендер туралы деректер аз. Дегенмен, Хусейнидің жазбаларында, қыпшақтар тұрған Маңғышлақ бекінісін (1065 жыл) Алып-Арсланның басқарумен селжүктердің қоршауға алғаны туралы айтылады (бұл кезде селжүктер – хорасандық әулетке қарайтын мұсылманданған оғыз тайпасы болатын). Қыпшақтардың селжүктерге берілулеріне тура келеді. Хусейни Маңғыстауда қыпшақтармен қатар, маңғышлақтық языр тайпаларының қоныстағаны туралы да айтады (біріккен оғыз-түркімен тайпалары).
Одан кейін Маңғыстау туралы жаңа мәліметтерді 65 жылдан кейін, Якуттың Атсыз Хорезмшахтың (1127-1156 жж.) басқару кезеңі еңбегінде біршама айтылады.
Хорезмшах Атсыз Хорезм мемлекетінің тәуелсіздігі үшін селжүктерге қарсы шыққан алғашқы билеуші. "Маңғышлақ – Хорезмнің шет аймағындағы мықты бекініс, Хорезм, Саксин (қала, Еділдің құлаған құрлыстарының үстіне тұрғызылған) және орыс елінің арасында орналасқан, Жейхун дариясы құятын теңіз жағалауында, бұл теңіз табарстандікі" – деп жазады. Якут Атсызды мадақтап, "сен Маңқышлаққа халқының арасында үрей тудырып, өткір қылыштай найзағай жібердің" деген мына жолдарды келтіреді.
Атсыз осы жорықтан кейін Санжар сұлтаннан (Хорасандағы селжүк әулетінің соңғы тақ мұрагері) Маңғышлақта мұсылмандардың қанын төккені үшін сөгіс алады. Маңғышлақ қаласының аты (12 ғ.) бүкіл географиялық ауданға тегіс жайылады. Истахридың айтқандарын қайталаған Мұхаммад ибн над-жиб Бекран Маңғышлақ туралы: – Сиякухаға келген түрік тайпалары еді - деп жазады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, Қызылқала сол атақты Маңғышлақ болуы мүмкін. Біріншіден, қаланың гүлдену кезеңі XI-XII ғасырларға жатады. Екіншіден, Қызылқала бекінісі X ғасырдың екінші жартысында тұрғызылған және өзіндік ерекшілігі жағынан Хорезмге жақын, Орталық Азиядағы қала мәдениеті ұқсас келетін Маңғыстауға өте жақын орналасқан.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>