Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қырүзгент"
(→Сипаты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Қырүзгент – ортағасырлық қаланың орны.
Орналасқан жері
Сырдария өзенінің орта ағысы тұсында, Отырарға таяу жерде орналасқан.
Сипаты
1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) ашып зерттеген.
Қаланың ең ұзын жағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 250-300 м. Қаланы қоршаған дуалы әрбір 50-70 м қашықтықта бір-бірімен түйісіп отырады. Дуалдардың қосылған жері мықты болу үшін мұнаралармен бекітілген, олардың жалпы саны 15. Мұнаралардын ішінде ең мықты салынғандары шығыс, батыс, оңтүстік жағындағы бұрыштағылары. Қаланың қақпасы шығыс жағында 10 м. Орталық көшесі осы қақпадан батыс жағындағы су қоймасына дейін тартылған. Тұрғын үйлердің және қоғамдық құрылыс жүйелері қаланың орталық көшесінің бойымен, қала дуалының бойын жағалай жасалған. Бұл үлкенді-кішілі болып жатқан қазіргі кездегі төбелерден байқалады. Қаланың оңтүстік жағы қазіргі кездегі адамдардың зираттарымен бүлінген. Қаланың сыртында кезінде үй-жай орны болған. Әр жерде үлкенді-кішілі төбелер, бау-бақша, арық-тоғандар, зираттар орны бар, олардың арасында Үзгенатаның жартылай бұзылған күмбезі тұр. Осы жағынан (оңтүстік) қаланың шахристаны 500-700 м дейін созылса, ал батыс жағына қарай 250-300 м созылып жатыр.
Археологиялық зерттеулер барысында саздан және шыныдан жасалған ыдыстар, моншақ, қола монета, т.б. заттар алынған. Табылған заттарға қарағанда қалашықты халық X-XIII ғасырларда мекендеген. Олар суармалы егіншілікпен айналысқан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>