Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қаракөншек"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Қаракөншек, Қарақұншық — көне қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай, Арыстың Сырдарияға құяр жерінде.

Тарихи деректер, сипаты

19481949 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 19591970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Сопақша формалы төбенің биіктігі 15 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай 150 метр. Төбе үстінің ауданы 100x70 м. Зерттеу нәтижесінде қара, қызыл бояумен боялған, кангюй, Хорезм және ғұн стилінде жасалған қыш ыдыстардың сынықтары, 3100-ге жуық теңге табылды. Қаракөншек формасына қарай шағын калашықтың немесе қаңлы үйінің үлгісінде дамыған ірі қоныстың орны болуы керек. Алынған материалдарға қарағанда, қалашықты халық I–XII ғасырлар шенінде мекен етіп, мал өсірумен және егін егумен айналысқан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер