Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлшара"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Гүлшара қалашығы – ортағасырлық қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Ынталы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14 км жерде, Шу өзенінің ескі арнасының оң жағасында орналасқан.

Сипаты

Гүлшараны 1989 жылы Қазақ ұлттық университеті археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) ашқан.
Қалашық шахристан мен ішкі қамалдан (цитадельден) тұрады. Шахристан бұрыштары әлемнің әр тарапынан бағытталған, трапеция пішіндес төбе. Оның аумағы 130×100–120 м, биіктігі 2–2,5 м. Батыс және шығыс жағының орта тұсында екі жағынан мұнарасы бар кіреберіс жері болғандығы анықталды. Ішкі қамал аумағы 45×50 м, биіктігі 4 м төбе. Ол шахристанның орталық бөлігіне орналасқан. Шахристанның оңтүстік-батыс бұрышынан 15 м шығысқа қарай аумағы 2×3 м тікқазба (шурф) түсіріліп, қалыңдығы 1,3 м мәдени қабат аршылған. Тік қазбадан құм, құмыра, тагора, табақша және өзге де қыш ыдыстар сынықтары алынды. Бұлардың бәрі сырланбаған ыдыстар болып табылады.

Материалдарға қарап, Гүлшара қалашығын тұрғындар VIII-XII ғасырларда мекендегені, олар егін егумен және мал өсірумен шұғылданған деп тұжырым жасауға болады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 5-том</ref><ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте