Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәслихаттөбе"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Мәслихаттөбе – ортағасырлық қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Географиялық орны
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылынан батысқа қарай 10 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
1966 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы отряды (жетекшісі С.П. Толстов), 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Сипаты
Қазіргі орны трапеция пішіндес тік қабырғалы төбешік. Биіктігі 4,5 м. Астыңғы бөлігінің немесе табанының аумағы 130х80 м, алаң ауммағы 100х60 м. Оған солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ені 100 метр, ұзындығы 200 метрдей таға тәріздес рабад жалғасады. Зерттеу барысында құмыра, тостаған, саптаяқ, тағыда басқа ыдыс сынықтары табылған. Олар жасалу технологиясы бойынша осы төңіректегі Қостөбе, Пұшықмардан секілді қалашықтардан алынған материалдарға өте ұқсас. Ғалымдардың пайымдауынша, Мәслихаттөбені халық VII-VIII ғасырларда мекендеген. Олар егін егіп, мал өсірумен айналысқан.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref><ref>Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>