Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қатерсіздендіру"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Сурет:BalNPP mane.jpg
Қатерсіздендіру

Қатерсіздендіру немесе дезактивация (лат. de, франц. des – болмау, болдырмау, жою, төмендету және лат. actіvus – белсенді) — радиациялық зақымданудың алдын алу мақсатында нысандардың беттерінен радиоактивті заттарды аластау.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова, Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>, әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сақтау мақсатында қару-жарақ, киім-кешек, азық-түлік, су, қорғаныс бекіністерінен және т.б. уланған нысандардан радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу.

Қатерсіздендіру механикалық және химиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен қатерсіздендіру уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана шыққан бөлімдерде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал қару-жарақ түгелдей қатерсіздендіріледі. Механикалық тәсіл мынадай жолдармен жүргізіледі: уланған қару-жарақ пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді қатерсіздендіретін затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардың, азық-түліктің бет жағын алып тастау және т.б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл зақымданған жерлердегі радиоактивті заттардың қауіптілігін жояды. Қатерсіздендіруге СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судағы ерітінділері қолданылады. Толық қатерсіздендіру тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы лауазымды командирдің ұйғаруымен ұрыс аяқталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Қатерсіздендіруші заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топқа бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, қатерсіздендіруші ерітінділер, құрамында жуғыш қасиеті бар заттар, ерітінділер және т.б. жатады. Қатерсіздендіруші техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т.б. жатады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл</ref>

Толық қатерсіздендіру — зақымданған қару-жарақты, ұрыс техникасы мен өзге де нысандарды радиоактивті заттардан тазарту. Қару-жарақ, ұрыс техникасы мен көлік құралдарын толық қатерсіздендіруді жеңілдету және қатерсіздендіру ерітінділерін үнемдеу үшін алдымен балшықтан, қою жаққыштардан тазарту керек. Толық қатерсіздендіру әскерлер ұрыс міндеттерін орындап болғаннан кейін арнайы тазалау орындарында немесе тікелей бөлімшелерде табельдік және қол астындағы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Stub