Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көгіс-Тегіс дастаны"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Мәдениет» деген санатты аластады; «Қазақ жырлары» деген санатты қосты (HotCat құралының кө...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

“Көгіс - Тегіс” – батырлық дастан. Белгілі жырау Мұрын Сеңгірбайұлынан жазылып алынған “Қырымның қырық батыры” деп аталатын жырлардың бір тобына “Қарадөң батыр және оның ұрпақтары” жатады. Бұл жыр топтамасында Қарадөңнен бастап, оның үрім-бұтақтары саналатын батырлар жайында сөз болады. “Көгіс - тегіс” осы шоғырға жатады. Көгіс – Бегістің, Тегіс – оның досының ұлы. Әкелерінен келе жатқан салтты сақтап, бұл екеуі де дос болады. Бір күні Тегіс әкесінің жоқтығына мұңданып, себебін анасынан сұрайды. Әкесінің батыр болғанын, бірақ қалмақпен бір соғыста қаза болғанын біледі. Тегістің бұл жайын Көгіс әкесінен естиді. Он бір жасқа келген екі дос өздеріне лайық ат таңдап мініп, ноғайлы еліне тізесі көп батқан Андыз хан бастаған қалмаққа аттанады. Жекпе-жек шайқаста қалмақ ханы өліп, әскерлері жеңіліс табады. Екі батыр соғыста үлкен ерлік көрсетеді. Жауларын жеңіп, елге оралады. “Көгіс - Тегіс” елдің еркіндігі жолындағы күресті жырлаған, жас ұрпақты отаншылдыққа баулитын мәні зор жырлардың бірі.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub