Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қатынқарағай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Аңыздар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Қатынқарағай — аңыз Шығыс Қазақстандағы жер атауына байланысты туған аңызда таулы, карағайлы өлкеде Мүсілім деген жесір әйелдің жалғаз қызы болғандығы. Оны терімшілікпен, ашпылықпен асырағандығы айтылып, бір жылы боранды қыста кішкентай қызы ауырып қалғандықтан Мүсілімнің күндегідей аңға шыға алмауы сөз етіледі де, одан әрі оқиға шиеленісіп, қызы ұйықтаған кезде аңға шығып кеткендігі әңгімеленеді.

Жолда жаралы қоян кездесіп, қуа- қуа үйінен ұзап кеткенін білмей, боранда адасуы, осы кезде Мүсілімнің үйіне екі салт атты келіп, кішкентай қыздың екеуінің алдында көз жұмғандығы, екеуі қараңғы түскенше әйелді іздеп таппауы, ауыл болып іздеп, бес күннен кейін ғана қалың қардың арасынан тізерлеген күйі өліп қалған Мүсілімді қызының қасына жерлеуі жан күйзеліске толы сыр болып шертіледі. Осыдан кейін ол өлке Қатынқарағай аталып кеткен екен.

Аңыз Шығыс Қазақстан облысының Қатынқарағай, Марқакөл өңірлерінен жазылып алынған. Қолжазба нүсқасы Шығыс Қазақстан мемлекетінің унтінің қазақ әдебиеті кафедрасының қоры мен Әдебиет және өнер интының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала