Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұхтар Әуезов ескерткіші (Алматы)"
(Жаңа бетте: {{Монумент | атауы = Мұхтар Әуезов ескерткіші | монумент_атауы = | өз_атауы = | Суреті = М.Әуезов ексерткіші (2).jpg | Сурет ені = | сур) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі түзету
Үлгі:Монумент Мұхтар Әуезов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіш.
Орналасқан жері
Алматы қаласы, Абай даңғылы.
Орнатылған кезеңі, авторлары
М.О. Әуезовтың ескерткіші 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры алдындағы алаңда орнатылған. Мүсінші Е.А. Сергебаев, сәулетшілер О.Ж. Баймырзаев, А.С. Қайнарбаев.
Тарихи дерек, сипаты
Қола ескерткіш атақты қазақ жазушысын оң қолында кітап ұстап отырған күйінде бейнелейді. Ескерткіш лабрадориттен жасалған биік тұғырда орнатылған. Театр алдындағы ашық алаң айналадағы ландшафтпен үйлесім тапқан мүсінді жан-жағынан жақсылап көруге мүмкіндік береді. Театр сырт-келбетінің ұстамдылығы мүсін композициясының стилистикалық шешімімен өте үйлесімді көрінеді.
Ұлттық кәсіби театр өнерінің қалыптасуы мен дамуы Мұхтар Әуезовтың атымен тікелей байланысты. Ең танымал қазақ қойылымдарының керемет сюжеттері дәл осы тұлғаның қылқаламынан туған. "Еңлік-Кебек" пьесасы, "Қарагөз" драмасы және тағы басқа көптеген қойылымдар қазіргі кезде еліміздегі қазақстандық театрлар репертуарының негізін құрайды.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>