Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қой басты дәстүрі"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Тулақ шашу» деген санатты аластады (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Қой басты дәстүрі — қазақтың салт-дәстүріне жатады. Ауылда киіз басу – ауыр жұмыстардың бірі болған. Алдымен жүнді сабайды. Келесі кезеңде оны бояп, қайнатады, құрғатады, орайды. Ораудың астынан арқан өткізіп, жіптің ұшынан ұстап, аяқпен теуіп отырып, үй-үйдің арасынан өткізеді. Кез келген үйдің жанына келгенде "қой басты-қой басты" деп айқайлайды. Мұны естіген үйдегі әйелдер киіз басушыларға бауырсақ, қымыз, құрт береді. Бұл – әзіл-қалжың ретіндегі дәстүр болғанымен, сыйластыққа негізделген. Осыған ұқсас тулақ шашу дәстүрі бар. Жүн сабау біткен кезде үй иесі көмектескен әйелдерге сый-құрметін көрсету үшін дастарханға шақырады.<ref>https://informburo.kz/kaz/azaty-anday-salt-dstrler-satalmay-alan.html</ref>