Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Желі тартар"
ш (Protected "Желі тартар" ([Өңдеу=Тек администраторларға рұқсат ету] (мәңгі) [Жылжыту=Тек администраторларға рұқсат ету] (мәңгі))) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Желі тартар – күйеудің қалыңдыққа ұрын барған кезінде күйеу мен оның жағынан барған құдалардан алынатын кәде.
Барысы
Қыздың жағы келген құдалардың немесе күйеу жігіт пен оның жора-жолдастарының алдынан желі арқан (ала арқан, бақан) секілді киелі саналатын заттарды жерге тастап, өздеріне тиесілі кәделерін алады. Желі арқан (ала арқан, бақан) өсіп-өнудің, өркендеудің символы ретінде ерекше құрметтелген.
Сондай-ақ бұл келген құдалардың, қалыңдықтың жолы ашық, кедергісіз болсын деген ниеттен туған. Осыған орай ел арасында «Қыз жасаусыз болмайды, күйеу кәдесіз болмайды» деген сөз орамдары кездеседі.<ref>ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9</ref>
Дереккөздер
Әдебиеттер
- Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Т.1. Юридический быт. Ташкент: Типо-Литография С.И. Лахтина, 1889;
- Калмаков Н. Некоторые семейные обычаи киргизов северных уездов Сыр-Дарьинской области. КС. М., 1910. С.221-228;
- Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялық шолу). Алма-Ата: Ғылым, 1973;
- Оспанұлы Е. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы: Қазақстан, 2009;
- Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы: Атамұра, 2010;
- ҚР ҰМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.