Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қой малының атаулары"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (исаправлена ошибка)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:35, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Арамза - қыста туған қозы.

Көбдік - тоқты болған арамза.

Көрпеш немесе көрпей - мезгілінен кешірек туған қозы.

Марқа - жарты жастағы қозы.

Тоқты - бір жасқа толғаны.

Ісек - екі жасқа толған еркегі.

Тұсақ - екі жасқа дейінгі қоздамаған ұрғашысы.

Саулық - қоздаған қой.

Ту қой - қоздамаған қой.

Қошқар - тұқымдыққа жіберілген еркек қой.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999

Үлгі:Stub