Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қатық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(сілтемені түсініктедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:34, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Қатық — көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран. Оны әзірлеу әдісі былай: піскен сүт қан жылым дәрежесіне дейін салқындатылады да, бұрынғы айраннан ұйытқы құйып (бір шелекке бір кесе) араластырады, одан кейін бетін қымтап жауып қояды. Ұйыған уақытта қатықтың бетін (жазда 2-3 сағат, күзге таман салқын түскен кезде 3-4 сағатта) ашып, біраз салқындатады. Жақсы ұйыған қатыққа шанышқан қасық тік тұрады. Оның қатық аталуы да осыдан. Ал бабына келмеген қатық қатық саналмайды. Аспазға сын қойылады. Қатықты сол күйінде ішеді. Бұл - қарын аштырмайтын өте жұғымды әрі сіңімді тағам.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер</span>
<references/>