Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақстанның Ирандағы Елшілігі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(+ Иран)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:27, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Дипломатиялық миссия Қазақстанның Ирандағы Елшілігі — Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы дипломатиялық миссиясы. Елшілік Иран астанасы Тегеран қаласында орналасқан.

Тарихы

Үлгі:Негізгі мақала Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылды.

1993 жылы Қазақстанның Ирандағы Елшілігі ашылды.

Дипломатия

2019 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Ирандағы Елшісі – Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай болып табылады.

Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне кіреді және Қазақстанның Ирандағы мүдделеріне өкілдік етеді.

Елшіліктің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Ирандағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саясатын іске асыру;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Ислам Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Қазақстан Республикасының Иранмен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ислам Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
  • Қазақстан Республикасының Иранмен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жүргізу;
  • консулдық қызмет;
  • өзге де міндеттер.

Елшіліктің сайты көпшілік жұртшылықты Тегеран қаласындағы ҚР дипломатиялық өкілдігінің қызметімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде келуге немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген Иран азаматтарына, Иранда тұратын қазақстандықтарға және шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету үшін ұсынылған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Байланыс

Индексі: 194363311
Байланыс

телефондары:

(+9821) 22-56-59-33
+(9821) 22-56-59-34
Факс: (+9821) 22-54-64-00
E-mail: Tehran@mfa.kz

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстанның дипломатиялық миссиялары