Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сайсағыз"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Сайсағыз(Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде жартылай бұта.

Өсу аймағы мен ботаникалық сипаты

Қазақстанда тау бөктерлерінде, өзен жағалауында, қау-бетегелі далалық алқаптарда өсетін 4 түрі бар. Жиі кездесетіні — Күмәнді сайсағыз (Үлгі:Lang-la). Оның биіктігі 25-40 см, сабағы төрт қырлы, көп бұтақты. Жіңішке жапырағының шеті бүтін, таспа пішінді. Көк, көкшіл түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақшаларының ұзындығы 4-6 мм, күлтелерінің ұзындығы 1 см-дей. Аталығының саны – төртеу. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тұқымы – үш қырлы жаңғақша.

Емдік қасиеті

Сайсағыз — дәрілік өсімдік, халық медицинасында оны қақырық түсіруге, тыныс жолдары қабынғанда, сондай-ақ, қолқа демікпесіне, неврозға, стенокардияға, ревматизмге қарсы қолданады. Құрамында эфир майы болғандықтан парфюмерияда пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref><ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref><ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер