Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әулиеата саржауы"
(taxobox) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Әулиеата саржауы (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын саржау туысының бір түрі. Ол Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның қиыршық тасты беткейлерінде, жартастарында, орта белдеуінде өседі. Биіктігі 20—40 см болады. Көп сабақты, сабағы түп жағынан сүректеніп, тармақталып өседі. Сағақты жапырақтары ұзынша, қауырсынданып тілімденген. Гүлсебеті дара гүлді, күлтесі ақ-қызыл түсті болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр—маусым айларында гүлдейді. Әулиеата саржауы — өте сирек кездесетін сәндік өсімдік. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>
Дереккөздер
<references />