Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алматы кекіресі"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Алматы кекіресі (Oxуtropіs almaаtensіs) – бұршақтар тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол Іле Алатауы мен Сөгеті тауының шатқалдарындағы, сондай-ақ Қарғалы, Талғар және Шілік өзендерінің жағаларындағы тастақ топырақты, шалғынды, бұталы, далалы орман алқаптарында өседі. Биіктігі 30 см. Түктенген бозғылт түсті, сабағы көрінбейді. Жапырақтары ұзындығы 20 см-ге жетеді, дөңгелек қатар орналасқан қос жапырақшалары болады. Гүлдері қызғылт күрең түсті, шашақты гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Алматы кекіресі – дәрілік өсімдік. Таралу аймағының біраз жері Алматы қорығына қарайды. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы