Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жым таспасы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Astragalusholmgreniorum.jpg
Жым таспасы
Жым таспасы (Үлгі:Lang-la) – бұршақ тұқымдасы, таспа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларының тасты, тастақты беткейлерінде, тау ойпаңдарында кездеседі. Биіктігі 50 см-дей, тамыры жуан өсімдік. Сабақтары көп, тік өседі. Жапырақтарының ұзындығы 20 см-дей, жалаң. Гүлдері ақшыл көк түсті, олар шашыраңқы, аз гүлді шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жалпақтау, қандауыр тәрізді бұршақ. Жым таспасы жылдан-жылға жойылып бара жатқан реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>