{{#switch: {{#expr: {{#time:s}} mod 3}}
|
0=
Түркістандық топтама — Орта Азияға барғандағы әсерлерінен пайда болған Василий Васильевич Верещагиннің суреттер топтамасы.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторы К. П. Кауфман суретшіні өз қарамағына прапорщик шенінде қызмет етуге шақырды. Тамыз айында олар Ташкентке аттанды, кейін Самарқанда қала қорғанысына қатысты, мұнда Верещагин жарақат алып, ерлігі үшін 4-ші деңгейлі Әулие Георг орденімен марапатталды. 1868 жылдың соңында ол Петерборға қайтады. Келесі жылы ол тағы Орта Азияға сапар шегеді.
1871 жылы Верещагин Мюнхенге көшеді. Екі жылдың ішінде ол осы топтама бойынша жұмысын аяқтайды. «Түркістандық топтамаға» 13 сурет, 81 этюд және 133 эскиз кірді.
|
1=
Қалалық пейзаж — суреттің басты тақырыбы қала көшелері мен ғимараттары болатын бейнелеу өнерінің жанры.
Бастапқыда қалалық пейзаж табиғи ландшафт сияқты суреттің бір бөлігі - фон ретінде ғана қолданылып, тәуелсіз жанр түрінде қарастырылмады. Пейзаждар портреттердің немесе библиялық тақырыптағы суреттердің композициясын толықтырды, тіпті итальяндықтар ойлап тапқан перспективалық кескін жүйесі бүкіл Еуропаға таралғанда да, Ренессанс кезінде қалалық пейзаждар әлі де «терезеден қарағанда көрінетін кескіндер» рөлінде қалды. Жалпы, жанрдың дамуына көбінен майлы кескіндеме техникасының ойлап табылуы және перспектива геометриясына суретшілердің назарының артқаны ықпал етті.
|
2=
Үздік фильм әні үшін Оскар сыйлығы 1935 жылдан бастап беріледі.
Номинация тарихында төрт адам төрт «Оскардан» жеңіп алған еді: Сэмми Кан, Джеймс Ван Хьюсен, Алан Менкен, Джонни Мёрсер.
Алғашқы ағылшын тіліндегі емес әні үшін «Оскарды» 1960 жылы Манос Хадзидакис жеңіп алған. Бұдан кейін шетел тіліндегі әндер үшін сыйлық 2005 және 2009 жылдары табысталған еді.
2022 жылдың сыйлығы Билли Айлиш (суретте) орындауындағы No Time to Die әні үшін берілді.
}}
|
|