Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ордабай Мұхамбетов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Ордабай Мұхамбетов (1922-2004, Атырау облысы). Ұлы Отан соғысына қатысушы. Атырау мұнай техникумын бітірген (1959). 1940-1942 - «Электрбарлау» кеңсесі Қосшағыл каротаж-перфоратор базасында сызушы, техник. 1947-1949 - Қосшағыл каротаж-перфоратор базасында техник, партия бастығы. 1949-1953 - Мұнайлы каротаж базасының бастығы. 1953-1954 - Ембі аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1954-1959 - Қосшағыл кәсіпшілік геофизика базасының отряд бастығы. 1959-1982 - ұңғыларды геофизикалық зерттеу жөніндегі Атырау партиясының бастығы, «Қазмұнайбарлау» басқармасында ұңғыларды геофизикалық зерттеу жөніндегі Батыс Қазақстан экспедициясының бастығы. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медалдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub