Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нұрдәулет Жұмағұлұлы Сәрсенов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Нұрдәулет Жұмағұлұлы Сәрсенов (10 мамыр 1954 жыл, Таваксай аулы, Бостандық ауданы, Ташкент облысы, Өзбек КСР) — қазақстандық саяси және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

Дулат тайпасының Жаныс руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Әкесі - Сәрсенов Жұмағұл. Анасы - Тұрғынбаева Қатира. Қазақ химия-технологиялық институтын (1976) химик-технолог инженер мамандығы бойынша; КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1988) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

1976 жылдан - Шымкент асбестоцемент құрылғылары комбинатында машинистің көмекшісі, комсомол комитетінің хатшысы. 1982 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан -Шымкент асбестоцемент құрылғылары комбинатында шебер, аға инженер, партбюро хатшысы. 1992 жылдың ақпан айынан - Оңтүстік-Қазақстан облысы басшысының орынбасары. 1998 жылдан - «Тұран» Қаржылай - өнеркәсіп тобы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты. 2004 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-, 4-ші шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

«Халықтар достығы» (1985), «Құрмет» (2005), «Достастық» (2010) ордендерімен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы майор.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - футбол.

Үйленген. Жұбайы - Тасанбаева Нұржамал Егемқұлқызы (1957 жылы туған). Қызы - Сәрсенова Гауһар Нұрдәулетқызы (1982 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify