Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ғалым Мұхамедин"
ш (1 түзету) |
|||
| Жол нөмірі 15: | Жол нөмірі 15: | ||
1952 жылы 20 мамырда [[Қарағанды облысы]] [[Жаңаарқа ауданы]] ''«Достық»'' кеңшарында туған. Қазақ. | 1952 жылы 20 мамырда [[Қарағанды облысы]] [[Жаңаарқа ауданы]] ''«Достық»'' кеңшарында туған. Қазақ. | ||
| − | Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері, | + | [[Арғын]] тайпасы [[Қуандық]] руының Тоқа бөлімінен шыққан.<ref>{{кітап|авторы=[[Жарылқасын Бикенов|Бикенов Ж.Б.]] Жәкенов Ж.М. [[Тұяқ Көпейұлы Исабек|Исабек Т.К.]] |тақырыбы=Тоқа шежіресі |сілтеме =https://ru.calameo.com/read/002311503c7b5fe6f2572 |орны=Қарағанды |баспасы=Қарағанды полиграфиясы ААҚ |жыл=2000 |барлық беті=402 |isbn=5-7667-9037-6 |тиражы=1000}}</ref>. |
| − | еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы - | + | |
| − | Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері. | + | Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы - Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері. |
Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын ([[Апматы]] қ., | Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын ([[Апматы]] қ., | ||
14:27, 2020 ж. шілденің 20 кезіндегі түзету
Үлгі:Infobox Biography Ғалым Мұхамедин 1952 жылы 20 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында туған. Қазақ.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
Әкесі - Мазбеков Мұхамедия (1910-1996), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, агроном болып жумыс істеген. Анасы - Мазбекова Айман (1916-1996), тылдың ардагері.
Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын (Апматы қ., 1975) солист-аспапшы мамандығы бойынша; О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің география факультетін (1999) география және экология мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі (2006 жылдан). 1969 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында әртүрлі жұмыстар істеген. 1971 жылдың қаңтар айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының жанындағы №8 автоклуб меңгерушісі. 1971 жылдың тамыз айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы «Достық» кеңшарында әртүрлі жұмыстар істеген. 1972 жылдың шілде айынан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы В.И. Ленин атындағы бөлімнің тракторисі. 1973 жылдан - Республикалық эстрада-цирк өнері студиясының оқушысы.
1975 жылдан бері - Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі. «Қазақ тілі» Жезқазған қалалық қоғамының мүшесі. «Жігер» республикалық фестивалінің (1985); Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың (1988); Қарағанды облысы әкімінің «Халық әндерін үздік орындаушы» номинациясың лауреаты, «Алтын қобыз» иегері (2007). ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2002); ҚР Президентінің алғыс хатын алған (2001). Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (2002). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1995). Жезқазған қаласы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алтын кітап» кітабына енгізілді (2004). Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы -Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет». Хоббиі - ұмыт болған қазақ халық әндерін жинап, насихаттау. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Айтжанова Әлия Мұхамедиярқызы (1952 ж. т.), Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының сөйлеу жанрының әртісі. Ұлы - Мұхамедин Зухраб Ғалымұлы (1978 ж. т.); қыздары - Мұхамедина Эльвира Ғалымқызы (1981 ж. т.); Мұхамедина Жанерке Ғалымқызы (1990 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>