Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Екібастұз бөгендері"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Екібастұз бөгендері – 1) Ертіс алабында, Ертіс-Қарағанды каналы бойындағы бөгендер тобы. Павлодар обл-ның Екібастұз қаласы мәслихатына қарасты аумақта орналасқан. Біреуі Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 17 км жердегі Жыңғылды көлінің шарасына Ертіс-Қарағанды каналының суын толтыру арқылы қалыптасқан. Аумағы 19,5 км², тереңд. 4,6 м, суының көлемі 90,14 млн. м3. Жиегінде қамыс, шалғын қалың өскен; 2) Екібастұз қаласынан солтіккеке қарай 25 км жердегі Шаңдақсор көліне канал суын толтыру арқылы қалыптасқан. Аумағы 42,7 км², тереңдегі 6,1 м, суының көл. 260 млн. м3. Алабында шалғын өскен. Бөгендердің суы Екібастұз жылу электр станцияларының пештерін (блоктарын) салқындату үшін (секундына 420 м3 су ауыстырып тұрады) пайдаланылады. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub