Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жасқұсқұм"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Құмдар → Санат:Қазақстан құмдары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ЖАСҚҰСҚҰМ – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігіндегі тұзды қақтар арасындағы құм. Алқап солтүстік-шығыс бағытқа созылып жатыр. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында. Аумағы 120 км², биіктігі 6 – 8 м, ені 2 – 10 км-дей. Жер асты суы 1,5 м тереңдікте (тұщы). Құм етегінде тал аралас терек, жиде, итмұрын, айрауық, түйе жоңышқа, өлеңшөп, қамыс, жүзгін, жусан өседі. Мал жайылымына қолайлы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>