Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Насихат Сүгірұлы"
ш (1 түзету) |
|||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Насихат ''' | + | '''Насихат Сүгірұлы''' (1889, Нарын құмы Мыңтөбе ауылы (қазіргі [[Атырау облысы]], [[Құрманғазы ауданы]]) – 1937) — қазақ ақыны. Өз бетінше сауат ашқан, өлең-толғауларын ауызша шығарған. Жастайынан Шәлгез ([[Шалкиіз]]), [[Махамбет]], [[Мұрат]], [[Қашаған]], [[Сәттіғұл Жанғабылұлы|Сәттіғұл]], [[Сүгір жырау Бегендікұлы|Сүгір]] жырларын жаттап өскен. Нұрым ақыннан өнеге алып, 15–16 жасынан айтыскерлігімен елге танылған. Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына сәйкес майдан жұмысына алынып, 1-дүниежүзілік соғыс кезінде [[Румыния]], [[Австрия]] аумағында болған ақынның “[[Айдады патша жыраққа]]” (1916) атты дастаны осы тұста жазылған. Азапты сапарды бастан өткерген ақынның дүниеге деген әлеум. көзқарасы мен танымы осыдан кейін өзгеше сипат алды. 1929 жылы қудалауға ұшырап, 1930 жылдың бас кезінде [[Астрахан]]ның [[Азауыл]] жеріндегі туыстарына барып бой тасалады. 1930 жылы 22 ақпанда ақын жазықсыз жазаланып, алғаш Астрахан, кейін Атырау түрмесіне қамалған. Абақтыда ол “[[Еділ, Жайық – екі су”]] атты толғауын шығарды, өлең кеңестік түрме жағдайын сипаттаған алғашқы шығармалардың бірі еді. Тұтқыннан босап, 1932 – 37 жылы [[Мыңтөбеде]]гі Қызыл ту ұжымшарында еңбек етті, 1937 жылы қайта тұтқындалып, сол жылдың 22 қарашасында ату жазасына кесілді. Насихаттың “[[Ел құрсауы – ер жігіт]]”, “[[Танысу]]”, “[[Дүние, шіркін, жел қайық]]”, “[[Телегей жатқан теңізден]]”, “[[Жүйрікті көпке мақтама]]”, “[[Мен қиядан ұшқан қырғимын]]”, “[[Ұяда жатып талпынған]]”, “[[Тұмарланған тұлпар ат]]”, “[[Шалқыған көлге қу қонар]]”, “[[Ауылға келгенде]]”, “[[Қазіргі заман түрі]]”, т.б. терме, толғаулары бар. Ол өлеңдерінде ел қамын ойлаған азаматтар ісін өнеге етіп, ақиқат пен жалғандық жайлы жырлайды. Өткенге көз жіберіп, келешекке сеніммен қарауға, қайсарлыққа, жігерлілікке үндейді. Насихаттың өлең, толғаулары “[[Алқаласа әлеумет]]” (1991), “[[Қапаста жазылған хаттар]]” (1992), “[[Қазақ поэзиясының антологиясы]]” (1993) “[[Жыр – дастан]]” жинақтарында жарияланған. Шығарма: [[Еділ , Жайық – екі су]], А., 2001. |
<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref> | <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref> | ||
| + | |||
==Сілтемелер== | ==Сілтемелер== | ||
* [[Астрахан]] | * [[Астрахан]] | ||
00:26, 2025 ж. наурыздың 22 кезіндегі түзету
Насихат Сүгірұлы (1889, Нарын құмы Мыңтөбе ауылы (қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы) – 1937) — қазақ ақыны. Өз бетінше сауат ашқан, өлең-толғауларын ауызша шығарған. Жастайынан Шәлгез (Шалкиіз), Махамбет, Мұрат, Қашаған, Сәттіғұл, Сүгір жырларын жаттап өскен. Нұрым ақыннан өнеге алып, 15–16 жасынан айтыскерлігімен елге танылған. Патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына сәйкес майдан жұмысына алынып, 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Румыния, Австрия аумағында болған ақынның “Айдады патша жыраққа” (1916) атты дастаны осы тұста жазылған. Азапты сапарды бастан өткерген ақынның дүниеге деген әлеум. көзқарасы мен танымы осыдан кейін өзгеше сипат алды. 1929 жылы қудалауға ұшырап, 1930 жылдың бас кезінде Астраханның Азауыл жеріндегі туыстарына барып бой тасалады. 1930 жылы 22 ақпанда ақын жазықсыз жазаланып, алғаш Астрахан, кейін Атырау түрмесіне қамалған. Абақтыда ол “Еділ, Жайық – екі су” атты толғауын шығарды, өлең кеңестік түрме жағдайын сипаттаған алғашқы шығармалардың бірі еді. Тұтқыннан босап, 1932 – 37 жылы Мыңтөбедегі Қызыл ту ұжымшарында еңбек етті, 1937 жылы қайта тұтқындалып, сол жылдың 22 қарашасында ату жазасына кесілді. Насихаттың “Ел құрсауы – ер жігіт”, “Танысу”, “Дүние, шіркін, жел қайық”, “Телегей жатқан теңізден”, “Жүйрікті көпке мақтама”, “Мен қиядан ұшқан қырғимын”, “Ұяда жатып талпынған”, “Тұмарланған тұлпар ат”, “Шалқыған көлге қу қонар”, “Ауылға келгенде”, “Қазіргі заман түрі”, т.б. терме, толғаулары бар. Ол өлеңдерінде ел қамын ойлаған азаматтар ісін өнеге етіп, ақиқат пен жалғандық жайлы жырлайды. Өткенге көз жіберіп, келешекке сеніммен қарауға, қайсарлыққа, жігерлілікке үндейді. Насихаттың өлең, толғаулары “Алқаласа әлеумет” (1991), “Қапаста жазылған хаттар” (1992), “Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993) “Жыр – дастан” жинақтарында жарияланған. Шығарма: Еділ , Жайық – екі су, А., 2001. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>