Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Берік Мырзалыұлы Жүсіпов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:27, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Берік Жүсіпов.jpg
Берік Мырзалыұлы Жүсіпов

Берік Мырзалыұлы Жүсіпов (07.03.1970 жыл, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты ауылында дүниеге келген) - эпик жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист.

Білім

  • Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1987–1995)
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2008–2010) бітірген.

Еңбек жолы

  • Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде мұғалім (1995–1996), консерваторияда оқытушы (1996–1998), аға оқытушы (1998–2000), Халық әні кафедрасының меңгерушісі (2000–2003)
  • «Жетісу» АҚ-да (2003–2005)
  • «Тайқазантехносервис» ЖШС-де (2005–2008) менеджер
  • «Кентавр» газетінде жауапты хатшы болған (2008).
  • Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы (2008–2013)
  • «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның вице-президенті (Астана, 2013)
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұршылықпен іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты (2015–2016)
  • «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры (2017–2019) қызметтерін атқарған.
  • Қазір «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде» директордың орынбасары.

Радио шығармалары

Қазақ радиосының Алтын қорында «Мирас», «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты 100-ге тарта авторлық бағдарламалары сақталған (2006–2008).

Марапаттары

  • Республикалық «Жігер» (Алматы, 1988)
  • «Шарк Тораналари» (Самарқан, 2001)
  • «Түрік дүниясы ұзандары» (Анкара, 2000) фестивальдерінің
  • Иранда (Тегеран, 2005, 2010), Пазырықта өткен (Алтай, 2004) қайчылардың халықаралық конкурстарының жеңімпазы.
  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000)
  • халықаралық ТҮРІКСОЙ-дың «Мұрагер» сыйлығының лауреаты (2000).
  • ҚР Президентінің (2012) Құрмет грамоталарымен марапатталған
  • РФ Мәдениет министрінің (2011) Құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • «Құрмет» орденінің кавалері (2019).

Ғылыми атақтары

  • Филология ғылымдарының кандидаты (1999)
  • өнертану мамандығы бойынша доцент (ЖАК, 2001)
  • Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры (2021).

Дәріс-концерттермен Германия, Бельгия, Қытай, Нидерланды корольдігі, Түркия, Америка, Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінде болған.

Шығармалары

  • «Мырзастағы жыр мектебі» (1991), «Жиделі Байсын күйлері» (2000) «Күретамыр», «Жырдария», «Ойтұмар» (2009), Сүлейлер» (2010), «Адырна» (2011), «Эпикалық жыршылық дәстүр: репродуктив-туындатпа, креатив-шығармашылық егіз қосарлану мәселесі» (2019) атты кітаптардың, 300-ге тарта ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.
  • «Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр» монографиясы (2003), «Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармалары» (2007), «Базар жырау Оңдасұлы шығармалары» (2008), «Құлан Алдабергенұлы шығармалары» (2010), «Ұзақбай Қараманов шығармалары» (2018), «Жәнібек Кәрменов шығармалары» (2019) ғылыми басылымдарының құрастырушысы, жауапты шығарушысы, редакторы. «Маңғыстаудың музыкалық мұралары» (2007), «Сыр сүлейін сұрасаң» (2008), «Қайталанбас дауыстар» (қазақ, орыс тілінде, 2011), «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» (қазақ, орыс, ағылшын тілінде, 2015) музыкалық антологияларының авторы, ғылыми, танымдық, көркем қойылымды «Жырау» (2011), «Қаһарман» (2014), «Ақшатауды асқақтатқан асыл рух» (2013) фильм-портрет жобаларының жетекшісі.

Ол жайында

  • Ол жайында жихангер журналист Т. Момбекұлы «Жаратқан, жар болғайсың» (2011) атты кітап жазған.
  • Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы З. Жарқынбаев атындағы № 202-ші орта мектептен оның атынан дәрісхана ашылған (2021).

Сыртқы сілтемелер