Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақмарал Зықаева"
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:19, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Ақмарал Ұланқызы Зықаева (21 желтоқсан 1985 жыл, Алматы, Қазақстан) — әнші, композитор және дыбыс режиссёрі.
Aқмаралдың әуендерінің ерекшілігі – ұлттық фолк (көне әуендер), электроника, трип-хоп және поп–рок сияқты әлемнің түрлі музыкалық бағыттарды үйлестіріп қазақ тілінде орындауы. «Мерген» атты сахналық есімімен белгілі.
Мазмұны
Өмірбаяны
Білімі
Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының скрипка сыныбы бойынша 2008 жылдың түлегі.
2010 жылы, Independent Artist (Үлгі:Lang-kk) мамандығымен Музыкалық Институтты (Үлгі:Lang-en) бітірді (Голливуд, АҚШ).
Отбасы
Акмарал дәрігерлер отбасында дүниеге келген, бірақ анасы әрдайым актриса болуды, ал әкесі музыкант болуды армандаған. Сондықтан үш жасында қыздарының есту қабілеті мен аспаптарға деген қызығушылығын байқаған ата-анасы оны музыка мектебіне беруді жөн көрген. Музыкаға баулу ерте басталды: мектепке дейін-ақ ол Қазақстандағы балалар шығармашылығын дамытудың алғашқы қоры — «Әнші балапан» жобасының қатысушысы болды және вокалмен айналысты.
Акмарал осы тұрғыдан өзін жолы болғандардың қатарына жатқызады: көбіне музыкалық талант өз жолын өз бетімен табуға мәжбүр. Дегенмен кәсіби білімнің де кері жағы бар. Алматы консерваториясының скрипка сыныбын тәмамдаған ол, оқу бітірген соң музыкаға деген махаббаттың тек кәсіпке айналып кетуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл махаббатты жоғалтпауға оған шығармашылық — ән жазу көмектесті. Осылайша ол өзінің өнердегі қырына — Мерген атты әнші бейнесіне келді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Шығармашылығы
«13 альбомы»
Ақмарал 16 жасынан бастап ән жаза бастайды. Бірнеше жылда 6 ән жиналып қалады. Он тоғыз жасында Ақмарал, «13» атты өз дебюттық альбомының әндерін студияларда жазуды бастады. Альбом үстінде жұмыс істеу барысында - сазгер, өңдеуші, продюсер ретінде, сонымен қатар әндердің мәтіндерінің авторы болды.
2009 жылдың шілде айының 1 жұлдызында дүкен сөрелерінде Ақмаралдың алғашқы альбомы жарық көрді.
Аян
«Mergen» атты жобасына арналған жаңа әндер дайындық үстінде. Екінші альбомы 2011 жылдың 27 қараша күні жарыққа шықты. Альбомның аты «Аян». Бұл альбомда этникалық әуенге қарағанда ауыр синтетикалық аспаптар және trip-hop beat, «мейнстримдік» дыбыстар орын алуы күтілуде. Сонымен қатар, осы жазылып жатқан келешек альбом (демо) 2010 жылдың көктемінде Голливудта «Outstanding Project» (Көрнекті Жоба) сыйлығымен марапаталды.
Qazaq Lounge
2012–2013 жылдары Мерген Bilim Media Group компаниясының дыбыс жазу студиясын басқарған уақытта, продюсер ретінде «Qazaq Lounge» деп аталатын үшінші альбомын дайындайды. Жобаға басқа продюсерлер, вокалистер және музыканттарды қоса алғанда, шамамен 40 кәсіби маман шақырылған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2015 жылы Ақмарал өзінің шын есімімен «Mise en Scene» атты инструменталды EP-альбомын шығарады.
TYH
2017 жылы «TYH» альбомы жарық көрді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ақмарал бұл альбомын атасы жазушы Әділхан Зықаевқа арнады.
«TYH» – белгілі бір жанрға ғана теліп қою қиын концептуалды альбом. Оның жалпы концепциясын cinematic electronic, этника және готика элементтері араласқан стиль ретінде сипаттауға болады.
Альбомда он ән бар. Әр ән тыңдаушының көңіл күйін өзгертіп, альбомның ішінде жеке эмоционалдық дамудың бөлек бір желісін жүргізеді. «Қаңтар» шығармасында ең романтикалық сезімдердің шарықтау шегін, оркестрлік әуеннің қанық дыбысын естісек, «Сағыныш» пен «Бесік жырында» суицид пен жерлеу рәсімінің көріністеріндей драмалық сахна мен оның шешімін көреміз. Әндер бір-біріне үзіліссіз өтеді, олардың өзін дәстүрлі түсініктегі «ән» деп атау да қиын. Мысалы, «Бесік жыры» аранжировкасыз айтылса, кәдімгі халықтың бесік жыры болып естілер еді, бірақ Ақмарал оны католик музыкасының канондары арқылы батыл интерпретациялайды.
«TYH» альбомын 2011 жылы шыққан вокалдық «АЯН» альбомымен салыстырсақ, жаңа жұмыстың әуезі нәзік, әйелсімей шыққанын байқауға болады. Әндердегі дауыс жоғары диапазонда орындалып, оркестрлік әуеннің жылылығын айқын аша түседі.
Альбомның бір бөлігі 2017 жылғы Astana EXPO-2017 аясында, 20 тамызда Астанада өткен Мергеннің жеке концерті кезінде алғаш рет таныстырылған болатын.
Альбомға жұмыс 2015 жылдың соңында басталып, 2016 жылдың толық кезеңін қамтыды. Музыкалық бөлімнің барлығын — композиция, аранжировка, жазба және сведение — Акмарал жеке өзі орындады. Мастеринг Лондондағы Metropolis студиясында жасалды.
Бір күні оған Азиз Жамбакиев қоңырау шалады және оны «Конокрады. Дороги времени» («Жылқышылар. Уақыт жолдары») картинасына қатысуға шақырады. Ол Акмаралға кино тілін музыкада қалай қолдану керегін үйрететінін де айтып сендіреді. Ерлан Нұрмұхамбетов секілді тәжірибелі режиссердің, халықаралық марапаттар иегерінің фильмінде дебют жасау үлкен мәртебе<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
«Қаш» фильмі
2022 жылы Айсұлтан Сейтовтың «Қаш» фильміне арналған ресми саундтрек дайындады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Дискография
- 13 (2009)
- Ayan (2011)
- Qazaq Lounge (2013)
- Mise en scène (2015)
- Tūn (2017)
- Tales of Mergen (2020)
- Qas — Original Motion Picture Soundtrack (2023)(2015) <ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- Outstanding Project Award 2010
- 2020 жылы Berlinale Talents қатысты<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Қазақстан киносыншылар одағының премиясы «Қаш» фильміне жазылған музыкасы үшін.
- Asian Film Awards 2024 номинациясына ұсынылды
Көзқарасы
- Ақмаралдың пайымдауынша жасанды интеллект музыкада адамды ауыстыра алмайды
- Музыка негізінен ер адамдар қызмет ететін кәсіп саласы
- Өзіне қатысты орыс тіліндегі әйелдерге қатысты бар феминитив «КомпозиторКа» емес «композитор» деп қолданатынын музыка жазуда гендерлік ерекшеліктен гөрі, бос кеңістік басым болады деп түсіндірді. (???)
- Некеде музыкалық шығармашылықпен айналысу қиын болғандықтан, музыка таңдауға шешім қабылдаған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Дереккөздер
<references/>