Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сергей Анатольевич Тимофеев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Футболшы Сергей Анатольевич Тимофеев (5 наурыз 1965, Павлодар, Қазақ КСР, КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы. Қорғаныста да, жартылай қорғаныста да ойнаған. КСРО-ның спорт шебері (1990).

Карьерасы

Павлодар футболының түлегі. 1985 жылы 19 жасында алматылық "Қайрат" сапына өтті. Командада ойнап жүріп 1988 жылы КСРО Футбол Федерациясы кубогының жеңімпазы атанды. 1986 жылы "Қайрат" КСРО чемпионатында 7-орын алып, КСРО чемпионаты тарихындағы ең жоғары жетістігіне қол жеткізгенде, Тимофеев өте белсенді футболшылардың бірі болды.

1990 жылы "Қайрат" КСРО чемпионатының бірінші лигасында сәтсіз ойнады да, Тимофеев командадан кетті. Сол кеткеннен Қазақстанға 2000 жылы бір-ақ оралды. 1995 жылы "Алания" сапында Ресей чемпионы атанды (қазақстандық футболшылар арасында Ресей чемпионы атанған жалғыз футболшы). 2004 жылы "Екібастұз" сапында ойнап жүріп, 39 жасында футбол ойнауды доғарды.

Сол жылы-ақ бапкерлік карьерасын осы "Екібастұзды" жаттықтырудан бастады.

Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы және экс-жаттықтырушысы. Құрама сапында 1997-2000 жылдары өнер көрсетті. 2004-05 жылдары құрама жаттықтырушысы болды. ӘЧ-2006 іріктеуінде ол баптаған құрама 12 кездесуде 1 ғана ұпай алды да, қызметтен босады. Онан соң он жыл бойы Ресейдің төменгі лигаларындағы командаларға жаттықтырушы болды.

2016 жылы Қазақстанға оралып, Семейдің "Алтай" клубына бапкер болды.

Ойнаған клубтары

1982—1984 Үлгі:Flagicon Ертіс 61 (5)
1985—1990 Үлгі:Flagicon Қайрат 115 (3)
1990—1991 Үлгі:Flagicon Спартак (Владикавказ) 30 (1)
1992 Үлгі:Flagicon Нива (Тернополь) 13 (0)
1992—1994 Үлгі:Flagicon Динамо (Мәскеу) 43 (3)
1995—1997 Үлгі:Flagicon Алания 67 (3)
1998 Үлгі:Flagicon Локомотив (ТН) 32 (6)
1999 Үлгі:Flagicon Сокол 20 (0)
2000—2001 Үлгі:Flagicon Есіл-Богатырь 55 (3)
2002—2003 Үлгі:Flagicon Ертіс 49 (3)
2004 Үлгі:Flagicon Екібастұз 21 (0)

Баптаған клубтары

2004 Екібастұз
2004—2005 Қазақстан
2005 Атырау
2006 Ростов
2008 Луховицы
2009 МВД России-Крылатское
2010 Сахалин
2011—2012 Мостовик-Приморье
2012—2014 Сахалин
2016 Алтай
2017— Алтай (футбол клубы, Өскемен)

Жетістіктері

Командалық

«Динамо» Москва
  • Ресейдің күміс жүлдегері 1994
  • Ресейдің қола жүлдегері 1992, 1993
«Алания»
  • Ресей чемпионы: 1995
  • Ресейдің күміс жүлдегері 1996
«Аксесс-Голден Грейн»/«Есіл-Богатырь»
  • Қазақстанның күміс жүлдегері: 2000
  • Қазақстанның қола жүлдегері: 2001
«Ертіс»
  • Қазақстан чемпионы: 2002, 2003

Жеке

  • Ресей чемеионатындағы үздік-33: 1993
  • Қазақстанның үздік сол қанат қорғаушысы: 2000, 2002, 2003.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер