Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақылдың кені"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:05, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
«Ақылдың кені» - «Қазақстан» баспасынан 1991 ж. жарық көрген жинақ.-Құрастырған педагог, ғылым докторы Қ. Жарықбаев. Жинаққа әр дәуірде өмір сүрген әлемнің ұлы ойшылдары, ақын-жазушылары, философтары және қоғам қайраткерлерінің жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын тәлім-тәрбиелік, ғибраттық маңызы бар қанатты, даналық сөздері енгізілген.Кітаптың «Адам болам десеңіз» деген бөлімінде Абайдың адам бойындағы қасиеттері: адалдық, әділдік, ынсап, мақтаншақтық, талапсыздық, жігерсіздік, надандық, жалқаулық, зұлымдық, қулық-сұмдық жөнінде айтқан аталы сөздері, ғылым мен өнерді меңгеру хақында - жас ұрпаққа қалдырған өсиеттері, толық адам туралы пікірлері берілген. Көлемі 12 б. т., 50 мың дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>