Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Иқан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:
−
'''Иқан''' – [[орта ғасырлар]]дан сақталған екі ескерткіш орнының ортақ атауы.
+
'''Иқан''' – орта ғасырлардан сақталған екі ескерткіш орнының ортақ атауы, [[Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі|Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімі]]не енген археология ескерткіші.
  
−
Бірінші Иқан [[Оңтүстік Қазақстан облысы]], [[Түркістан (қала)|Түркістан]] қаласының Иқан ауылының ортасында орналасқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 10 – 15 ғасырларды қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің “''Абдулланама''” атты еңбегінде [[Бұхар хандығы|Бұхар]] ханы Абдулла 1582 ж. [[Ташкент]] билеушісі [[Баба сұлтан]]ға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. 18 ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков “''Орынбор губерниясының топографиясы''” деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған. Қазіргі сақталған төбе орны трапециялы болып келген, биіктігі 6 – 7 м. Көлемі 300х225 м. Оңтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қалдығы (50х50), сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік-батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылып кеткен.<br>
+
== Орналасқан жері ==
 +
Бірінші Иқан [[Сауран ауданы]], [[Ескі Иқан]] ауылының орталығында орналасқан.
  
−
Екінші Иқан Иқан ауылының шетіне орналасқан. 4 – 5 ғасырларды қамтиды. Жергілікті халық “''[[Шана асар]]''” деп те атап кеткен. Төбеге айналған қала орнының жоспары үшбұрыш түрінде 180х110 м аумақты алып жатыр. Ал қазіргі сақталуы бойынша биіктігі 1 – 1,5 м қамалмен қоршалған. Қаланың ортасында аумағы 40х40 м болып келген цитадель орны бар. Ол да мұнаралы қабырғамен қоршалған. Қаланың орнында басқа да ғимараттардың болғандығы байқалады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энциклопедиясы]]» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
+
== Тарихи деректер, сипаты ==
 +
Кезеңі 10-15 ғасырларды қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. [[Хафиз Таныш]] өзінің “''Абдулланама''” атты еңбегінде [[Бұхар хандығы|Бұхар]] ханы Абдулла 1582 жылы [[Ташкент]] билеушісі [[Баба сұлтан]]ға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. 18 ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков “''Орынбор губерниясының топографиясы''” деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған.<br>
 +
Қазіргі сақталған төбе орны трапециялы болып келген, биіктігі 6-7 м. Көлемі 300х225 м. Оңтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қалдығы (50х50), сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік-батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылып кеткен.
  
−
==Дереккөздер==
+
Екінші Иқан [[Ескі Иқан]] ауылының шетіне орналасқан. Кезеңі 4-5 ғасырларды қамтиды. Жергілікті халық “''[[Шана асар]]''” деп те атап кеткен. Төбеге айналған қала орнының жоспары үшбұрыш түрінде 180х110 м аумақты алып жатыр. Ал қазіргі сақталуы бойынша биіктігі 1-1,5 м қамалмен қоршалған. Қаланың ортасында аумағы 40х40 м болып келген цитадель орны бар. Ол да мұнаралы қабырғамен қоршалған. Қаланың орнында басқа да ғимараттардың болғандығы байқалады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энциклопедиясы]]» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
−
<references/>
+
  
−
{{Stub: Қазақ мәдениеті}}
+
== Дереккөздер ==
−
{{Суретсіз мақала}}
+
{{дереккөздер}}
  
−
[[Санат:Қазақстан көне қалалары]]
+
[[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]]
−
[[Санат:Түркістан]]
+
[[Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]]
 +
[[Санат:Түркістан облысы сәулеті]]

11:10, 2024 ж. қарашаның 29 кезіндегі түзету

Иқан – орта ғасырлардан сақталған екі ескерткіш орнының ортақ атауы, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Бірінші Иқан Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан.

Тарихи деректер, сипаты

Кезеңі 10-15 ғасырларды қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Таныш өзінің “Абдулланама” атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 жылы Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. 18 ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков “Орынбор губерниясының топографиясы” деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған.
Қазіргі сақталған төбе орны трапециялы болып келген, биіктігі 6-7 м. Көлемі 300х225 м. Оңтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қалдығы (50х50), сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік-батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылып кеткен.

Екінші Иқан Ескі Иқан ауылының шетіне орналасқан. Кезеңі 4-5 ғасырларды қамтиды. Жергілікті халық “Шана асар” деп те атап кеткен. Төбеге айналған қала орнының жоспары үшбұрыш түрінде 180х110 м аумақты алып жатыр. Ал қазіргі сақталуы бойынша биіктігі 1-1,5 м қамалмен қоршалған. Қаланың ортасында аумағы 40х40 м болып келген цитадель орны бар. Ол да мұнаралы қабырғамен қоршалған. Қаланың орнында басқа да ғимараттардың болғандығы байқалады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер