Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бестамқала"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:
'''Бестамқала''' — ортағасырлық [[қала]] орны. [[Қызылорда]] қаласынан [[оңтүстік-батыс]]қа қарай 240 км жерде, [[Жаңадария]]ның құрғап қалған арнасының бойынд ауылы  12–13 ғасырларда өркендеген қаланың ауданы 390 х 300 м, айнала екі қатар [[дуал]]мен, терең ормен қоршалған. Ішкі қорғаныс дуал, оның бойындағы биіктігі 3 метр [[мұнара]]лар мен ауызғы бөлмелері жақсы сақталған. Мұнаралардың арасын жалғастыратын жұмбаздап соғылған дуалдың биіктігі 1,5 метр қалыңдығы 1 метр Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2 метрге жуық, биіктігі  3,5  метр  [[Қала]] ішінде төртбұрышты үйлердің орындары сақталған. [[Қорған]]ға сырттан  солтүстік  және  оңтүстік  қабырғалардағы [[дарбаза]]лар арқылы кіретін болған. Аршылған екі үйдің орны мен ошақтың орнынан сырлы қыш ыдыстар, металдан  жасалған дөңгелек [[қалқан]]ның, тас ыдыстардың, көгілдір [[моншақ]]тың сынықтары, [[жебе сабы]] мен ұштары, [[темір]] [[қорытпалар]]ы, тағы басқалары  табылған.
+
{{Көне қалашық
<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
+
|Атауы        = Бестамқала  
 +
|сурет        =
 +
|өлшемі        = 300px
 +
|Сурет атауы  =
 +
|Мәртебесі    = Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
 +
|Мемлекет      = 
 +
|Қазіргі жері  = {{KAZ}}, [[Қызылорда облысы]], [[Қазалы ауданы]], [[Кекірелі]] ауылынан оңтүстікке қарай 10 км
 +
|Қалануы      = XII-XIII ғғ.
 +
|Қалаушы      =
 +
|Деректерде атала бастады =
 +
|Басқаша атаулары = ''Бестал'', ''Орқала''
 +
|Халық саны    =
 +
|Қиралды      =  
 +
|Қиралу себебі =       
 +
|Орналасуы    =   
 +
  |lat_dir = N |lat_deg = 43 |lat_min = 49 |lat_sec =48 
 +
  |lon_dir = E |lon_deg = 62 |lon_min = 33 |lon_sec =30  
 +
  |region        =
 +
  |CoordScale    =
 +
  |Позициялық карта 1 = Қазақстан
 +
  |ПозКарта 1 ені    =
 +
  |crosses180        =
 +
|Облыс картасы      =
 +
|Ортаққордағы санаты =
 +
}}
 +
'''Бестамқала''', ''Бестал'', ''Орқала'' (XII-XIII ғғ.) – ортағасырлық қала орны, [[Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген археологиялық ескерткіш.
  
==Дереккөздер==
+
== Орналасқан жері ==
<references/>
+
[[Қармақшы ауданы]], [[Кекірелі]] ауылынан оңтүстікке қарай 10 км жерде, [[Жаңадария (ескі арна)|Жаңадария]] өзенінің сол жағалауында құм төбелердің арасындағы жазықтықта орналасқан.
  
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ энциклопедиясы]]» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
+
== Зерттелуі ==
{{Суретсіз мақала}}
+
Ескерткішті [[1946 жыл|1946]] жылы [[Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы]] ([[Сергей Павлович Толстов|С.П. Толстов]]) ашып, [[1958 жыл|1958]] жылы зерттеу жұмыстарын жүргізген. [[1998 жыл|1998]] жылы және [[2005 жыл|2005]] жылы [[Шірік Рабат археологиялық экспедициясы]] (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
{{Stub: Қазақ мәдениеті}}
+
{{wikify}}
+
  
 +
== Сипаты ==
 +
Қалашықтың оңтүстік-батыс бұрышы дөңгеленіп келген, ұзындығы шығыстан батысқа қарай шамамен 390 м, оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 м болатын тікбұрыш пішінді. Қорғаныс жүйесі пахса блоктарынан қаланған екі қатар қабырғадан және ордан тұрады. Ені мөлшермен 20 м, тереңдігі 2-3,5 м болатын ор қалашықты үш жағынан қоршап жатыр, ал солтүстік жағында ол, Жаңадария арнасымен жалғасады.
 +
 +
=== Қақпа құрылымдары ===
 +
Қалашықтың солтүстік-оңтүстік қабырғаларында орналасқан қақпа құрылымы ерекше. Солтүстіктегі қақпа өзен арнасына апарады, соған қарағанда өзенде көпір болса керек, себебі қарсы жағалауда бекініс құрылысы болды деп топшалауға мүмкіндік беретін қандай да бір құрылыстың іздері бар және үстінде қыш-құмыра сынықтары шашылып жатқан үлкен үйінді жал бар.<br>
 +
Оңтүстік қабырғадағы қақпа қалдығы күрделі құрылыстардан тұрады. Қақпа сумен толтырылатын ор жүйесімен қоршалған.<br>
 +
1946 жылы қалашықтың ортасынан күйдірілген кірпіштен (23х23х4,5 см) тұрғызылған тікбұрышты ғимараттың орны тіркелген болатын. Зерттеу барысында одан қалашықты екі бөлікке бөліп тұрған солтүстік-оңтүстік бағытындағы көше анықталды. Жеке үйлердің жобасын анықтау мүмкін емес. Қалашықтың солтүстік-шығыс бөлігінде ойпаңдау үлкен телім бар. Бұл жерде су қоймасы немесе базар алаңы болғанға ұқсайды. Қалашықтың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа замандық қоныстанудың іздері сақталған.
 +
 +
=== Табылған заттар ===
 +
Қалашықтан табылған заттар көп және алуан түрлі. Ішкі ортағасырлық қабырғаның сыртқы беткейінен (оңтүстік-батыс бөлігінен) металдан жасалған күміс умбонды дөңгелек қалқанның сынығы табылды. Қалқанның сыртына қалайының жұқа қабаты жағылған. Беткейді тазалау барысында темірден жасалған найзаның екі ұшы және жебенің үш ұшы табылды. Соған қарағанда, бұл жерде қатты ұрыс болғанға ұқсайды.<br>
 +
Қыш бұйымдар әртүрлі: сұр, қызғылт, ашық-сарғыш түсті сырланбаған ыдыстар, сондай-ақ сырланған ыдыстардың бірнеше түрлері бар. Қыш ыдыстардың басым көпшілігі XII-XIII ғасырлар кезеңіндегі ыдыстардың фрагменттері, соның ішінде, бедерлі және оймышты өрнектері бар жапсырмалы қыш ыдыстар, моншақтар, металл бұйымдардың көптеген фрагменттері, әйнектер, сфероконустардың бірнеше сынықтары, сонымен қатар, хорезмшахтардың кезіндегі Хорезмге тән тальк тасынан жасалған ыдыстардың сынықтары, шлактар, темір крицтері кездеседі. Қалашықтан шығысқа қарай суармалы егістік алқаптары мен үйлердің орны анықталды.<br>
 +
Қалашыққа батыстан қорым жалғасқан, ол жерде қам кесектерден және күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған ондаған кесене қалдықтары тіркелді. Биіктіктері 1,5-2 м болып келген олардың диаметрлері 10 м-ге жуық.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
 +
 +
== Дереккөздер ==
 +
{{дереккөздер}}
 +
 +
[[Санат:Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]]
 
[[Санат:Қазақстан көне қалалары]]
 
[[Санат:Қазақстан көне қалалары]]
 +
[[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]]

15:02, 2025 ж. қарашаның 1 кезіндегі түзету

Үлгі:Көне қалашық Бестамқала, Бестал, Орқала (XII-XIII ғғ.) – ортағасырлық қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстікке қарай 10 км жерде, Жаңадария өзенінің сол жағалауында құм төбелердің арасындағы жазықтықта орналасқан.

Зерттелуі

Ескерткішті 1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, 1958 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1998 жылы және 2005 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.

Сипаты

Қалашықтың оңтүстік-батыс бұрышы дөңгеленіп келген, ұзындығы шығыстан батысқа қарай шамамен 390 м, оңтүстіктен солтүстікке қарай 300 м болатын тікбұрыш пішінді. Қорғаныс жүйесі пахса блоктарынан қаланған екі қатар қабырғадан және ордан тұрады. Ені мөлшермен 20 м, тереңдігі 2-3,5 м болатын ор қалашықты үш жағынан қоршап жатыр, ал солтүстік жағында ол, Жаңадария арнасымен жалғасады.

Қақпа құрылымдары

Қалашықтың солтүстік-оңтүстік қабырғаларында орналасқан қақпа құрылымы ерекше. Солтүстіктегі қақпа өзен арнасына апарады, соған қарағанда өзенде көпір болса керек, себебі қарсы жағалауда бекініс құрылысы болды деп топшалауға мүмкіндік беретін қандай да бір құрылыстың іздері бар және үстінде қыш-құмыра сынықтары шашылып жатқан үлкен үйінді жал бар.
Оңтүстік қабырғадағы қақпа қалдығы күрделі құрылыстардан тұрады. Қақпа сумен толтырылатын ор жүйесімен қоршалған.
1946 жылы қалашықтың ортасынан күйдірілген кірпіштен (23х23х4,5 см) тұрғызылған тікбұрышты ғимараттың орны тіркелген болатын. Зерттеу барысында одан қалашықты екі бөлікке бөліп тұрған солтүстік-оңтүстік бағытындағы көше анықталды. Жеке үйлердің жобасын анықтау мүмкін емес. Қалашықтың солтүстік-шығыс бөлігінде ойпаңдау үлкен телім бар. Бұл жерде су қоймасы немесе базар алаңы болғанға ұқсайды. Қалашықтың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа замандық қоныстанудың іздері сақталған.

Табылған заттар

Қалашықтан табылған заттар көп және алуан түрлі. Ішкі ортағасырлық қабырғаның сыртқы беткейінен (оңтүстік-батыс бөлігінен) металдан жасалған күміс умбонды дөңгелек қалқанның сынығы табылды. Қалқанның сыртына қалайының жұқа қабаты жағылған. Беткейді тазалау барысында темірден жасалған найзаның екі ұшы және жебенің үш ұшы табылды. Соған қарағанда, бұл жерде қатты ұрыс болғанға ұқсайды.
Қыш бұйымдар әртүрлі: сұр, қызғылт, ашық-сарғыш түсті сырланбаған ыдыстар, сондай-ақ сырланған ыдыстардың бірнеше түрлері бар. Қыш ыдыстардың басым көпшілігі XII-XIII ғасырлар кезеңіндегі ыдыстардың фрагменттері, соның ішінде, бедерлі және оймышты өрнектері бар жапсырмалы қыш ыдыстар, моншақтар, металл бұйымдардың көптеген фрагменттері, әйнектер, сфероконустардың бірнеше сынықтары, сонымен қатар, хорезмшахтардың кезіндегі Хорезмге тән тальк тасынан жасалған ыдыстардың сынықтары, шлактар, темір крицтері кездеседі. Қалашықтан шығысқа қарай суармалы егістік алқаптары мен үйлердің орны анықталды.
Қалашыққа батыстан қорым жалғасқан, ол жерде қам кесектерден және күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған ондаған кесене қалдықтары тіркелді. Биіктіктері 1,5-2 м болып келген олардың диаметрлері 10 м-ге жуық.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер