Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлдеуін батыр"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:1670 жылы қайтыс болғандар; +Санат:Қолбасшылар; ±Санат:Тұлғалар→Санат:1609 жылы туғандар (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:36, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Әлдеуін батыр (шамамен 1609 — 1670 жылы) — батыр, Есім хан әскерінің қолбасшысы.
Есім ханның өзбектің Тұрсын ханына қарсы жорығында ерекше көзге түскен. Ойрат билеушісі Батыр Қонтайшының 1643 жылы 50 мың қолмен Қазақ хандығына жасаған шабуылына Жәңгір хан, Жалаңтөс баһадүрмен бірге тойтарыс берген. Бұл шайқаста Әлдеуін батыр арғын тайпасы жасағына ағалық етті. Әлдеуін батырдан Ақша батыр, одан Қанжығалы Бөгенбай батыр туады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>