Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Замир Садықұлы Сағынов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(+ 6 санат (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Замир Садықұлы Сағынов (1966 жыл 18 қазан Батыс Қазақстан облысы) - қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

  • Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша тәмамдаған, инженер-құрылысшы.
  • 1991 -1998 жылдар аралығында Фурманов аудандық автожол мекемесінде жол мастері, прораб, Облыстық "Орал жолдары" қазынашылық кәсіпорынының бас инженері, жол қауіпсіздік байланыс және жол қорғау бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен.
  • 1999-2006 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық "Қазақавтожол" РМҚК пайдалану жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облыстық Автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Казталов ауданының әкімі қызметін атқарған.
  • 2006 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2008 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
  • 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
  • 2014 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.
  • 2015 жылдың тамызынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.<ref>Қазақстанда осы аптадағы жаңа кадрлық тағайындаулар</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала