Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сәду Дауылбайұлы Оңғалбаев"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:31, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сәду Дауылбайұлы Оңғалбаев (темір жол б. – 1938, Ашғабад) – партия, кеңес қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1920 ж. Маңғыстауда уездік комитеттің еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде жұмыс істеген. 1921 – 22 ж. жергілікті жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Түрікменстан, Қазақстан комсомолы ОК-терінің бюро мүшесі және үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1925 – 30 ж. Керкі округтік партия комитетінің хатшысы, 1932 жылдан Түрікмен КСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары, 1935 жылдың 16 қыркүйегінен Мәскеуде Одақтық үкімет жанындағы Түрікмен КСР-інің тұрақты өкілі болып қызметтер атқарды. 1937 ж. 1 наурызда тұтқынға алынып, «Түрікмен азаттығы» ұлтшылдық ұйымына қатысты, Адай көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болды» деген нақақ жаламен айыпталған. Әскери соттың үкімі бойынша атылды.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref>
Дереккөздер
<references/>