Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арнаулы үзіліс"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (bad link repair using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:30, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Арнаулы үзіліс – жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін қызметкерлерге жылыну және демалу үшін берілетін үзіліс. 1,5 жасқа толмаған баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін қосымша үзіліс беріледі. Бұл үзіліс 3 сағат сайын ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы керек. Бір жарым жасқа толмаған екі немесе одан да көп баласы бар әйелдерге қосымша үзілістің ұзақтығы кемінде 1 сағат болып белгіленеді. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады және ақысы төленуі тиіс. Үлгі:Wikify