Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тақырып"
(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Информатика → Санат:Ақпараттану) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Мазмұны
Тақырып (Заголовок; header)
- программаның, құрылғы драйверінің және т.б. басында орналасатын параметрлер блогы. Ақпараттың негізгі бөлігіне дейін орналасқан құжаттың басқарушы бөлігі;
- құжатгың бастапқы бөлігі; мәліметтерді жеткізу желілерінде — берілетін хабардың арнайы басқарушы символынан кейін орналастырылатын және адрес ретінде пайдаланылатын символдар тізбегі;
- Windows жүйесіндегі мәтіндерде — құжат беттерінің жоғарғы жағына орналасқан колонтитул ол тарау, тақырып аттарын немесе бет нөмірлерін көрсетіп, сол құжаттың барлық беттеріне орналасады;
- терезенің, диалогтық терезенің немесе аспаптар тақтасының жоғарғы бөлігіндегі көк немесе басқа түсті көлденең белдеу. Мұнда программаның, соған жалғасып құжаттың атаулары бейнеленеді.
Блок тақырыбы
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) — блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Бөлім тақырыбы
Бөлім тақырыбы (Заголовок раздела; division header) — программалау тілдерінде — программа бөліктерінің басын көрсететін сөйлем.
Пакет тақырыбы
Пакет тақырыбы (Заголовок пакета; batch header) — пакеттің құрылымы жайлы мәліметтен тұратын оның бірінші элемент!
Программа тақырыбы
Программа тақырыбы (Заголовок програм¬мы; program header) — программаның жүктелу форматының алғашқы адрестерінде орналасқан және осы программаны басқаруға қажетті қызметші мәліметтерді анықтайды.
<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>