Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ат сауыты"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Ат сауыты , ат томағасы — ұрыс кезінде сарбаздың мінген атын қорғайтын жабу. Өте ерте заманда-ақ көшпелі ел батырлары соғысқа мінген аттарын сауытпен жабулаған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Көшпелі халықтардың бейнелеу өнері жәдігерліктерінде өздері де, аттары да сауытпен жарақтанған жауынгерлер бейнесі жиі кездеседі. Ат сауыты туралы көшпелілердің (массагеттердің, сарматтардың, түркілердің, монғолдардың) және басқа халықтардың жазба деректері мен ауыз әдебиетінде айтылады. Ат сауыты тері не мата астарға (жабуға) темір тақташаларды немесе шығыршықтарды түрлі әдіспен бекіту арқылы жасалады. Ат сауыты аттың мойнын, кеудесін, сауырын, екі бүйірін жауып тұратын 5-6 бөлшектен тұрады, олар бір-бірімен қайысбау, ілгек арқылы бекітіледі. Ал аттың басына арнаулы темір томаға кигізілген. А. с-ның жиегіне түсті жіптерден шілтер, шашақ тоқылып, әшекейленеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub