Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Киноэкран"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Мақала шеберханасы арқылы бастады) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Olympic park sydney AIRSCREEN.jpg
Сиднейдегі Олимпиада саябағында орналасқан киноэкран
Киноэкран - кинокадрдың түсірілген кескіннің әр нүктесінен көрермендерге қарай сәуле шағылыстыратын жазық (немесе иілген) бет.
Киноэкранның ұзындығы мен биіктігінің қатынасы кино көрсеткі аппараттың объектив саңылауына сәйкес 1:0,73 болып келеді. Киноэкран беті ерекше айқын көріну үшін жиегі енінің 1/5-бөлігіндей қара материалмен жиектеледі. Киноэкран мөлшері кинозалдың шамасымен (ұзындығының 1/5-нен 1/6-дей) анықталады. Киноэкран бетінің жарықталыну коэффиценті ең негізгі сипаттамасы болып табылады, ол 0,7 - 0,9-ға тең.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>