Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Исмаил Самани кесенесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Infobox building Исмаил Самани кесенесіСамани әулеті мемлекетінің негізін қалаушы Исмаил Самани қабірінің басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Бұхара қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы 9 – 10 ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Исмаил Самани кесенесі өзінің архитектуралық тұрпаты жағынан қаланған кірпіштерімен әсемдене үндеседі. Ол күйдірілген ақшыл кірпіштен жасалған. Іші сегіз қырлы тірекке орнатылған аркалармен жалғасады. Төрт қабырғасында жартылай дөңгелектенген арка ойықтары бар. Төрт бұрышында кішкентай күмбездер, дөңгелек келген куполдар, ортасында өте үлкен күмбез орнатылған. Қабырғаларында жиектері мен айналасы өрнектермен безендірілген арка есіктер бар. Әр қасбеттің ортасында үшкір келген ашық жер қалдырылған. Исмаил Самани кесенесі композициясы кейінгі Орталық Азия сәулет өнеріне үлкен ықпалын тигізген.

Галерея

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub