Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қйым Қабділрашид"
ш (clean up, replaced: СССР → КСРО using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі нұсқасы
Қйым Қабділрашид— Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Ақсуат (Тарбағатай) ауданында Көкжіра ауылында 1932 жылы мамырдың 1інде дүниеге келді. Ол 1950-1955 жылдары Алматыдағы С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетін бітірді. 1997 жылы танымдық ғылымының кандидаты ғылыми дәрижесіне ие болды <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.
Қабділрашид Қайым 1969 жылы "Мектеп" баспасынан тұңғыш рет "Қызықты зоология" кітабын жарыққа шығарды. Ол — "Аяулы хайуанаттар", "Бионика — табиғат перзенті", "Жануартанудан танымдық ойындар", "Биология және техника" кітаптарының авторы, түңғыш оқулық — "Жануартану", жаңа буын оқулығы "Биология" авторларының бірі және биологиялық, экологиялық, салауаттануға арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктердің, басқа да, жиыны 20-дан астам кітаптардың авторы.
Оның қолымен "Қазақ энциклопедиясын (III—XII томдардың) және "Қазақстан ұлттық энциклопедиясы" мақалалары жазылды және жазылуда. Қабділрашид Қайым " Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері", "Баспа ісінің озық қызметкері" (КСРО) белгілерімен, басқа да мақтау кағаздармен марапатталды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, биолог-журналист, еңбек ардагері. Қабділрашид Қайым "Биология, география және химия" журналының жарық көруіне мұрындық болды.
Қазір "Таптым-таптым! Эврика!" журналының бас редакторы.
Дереккөздер
<references/>