Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Денсаулық (журналы)"
ш (1 түзету) |
|||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''"Денсаулық"''' - қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылыми-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. | + | '''"Денсаулық"''' - қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылыми-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық кәсіподақтар кеңесінің басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. "Денсаулық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналды. Журнал қазіргі заманғы [[медицина]] мәселелеріне, әсіресе аса көп тараған аурулар мен қауіпті [[індет]]терге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы, [[биосфера]]да экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы ([[Семей]], [[Батыс Қазақстан облысы|Батыс Қазақстан]], [[Қызылорда]]) радиация кесапаты - журналдың негізгі тақырыбына айналды. "Денсаулық" елімізде медицина мекемелерінің жұмысын, дәрігерлердің кәсіби мамандығын жетілдіру, емдеу сапасын жақсарту мәселелерімен қатар еңбек етудің, тамақтанудың, демалыстың ыңғайлы режимі, оңтайлы психологиялық ахуал жасау, дене шынықтырудың бұқаралық түрлерін дамыту шараларына ұдайы көңіл бөледі. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен берілді. Журналдың көлемі 4 баспа табақ, таралымы 9000 дана (2000).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> |
==Дереккөздер== | ==Дереккөздер== | ||
<references/> | <references/> | ||
11:37, 2026 ж. сәуірдің 23 кезіндегі түзету
"Денсаулық" - қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылыми-көпшілік журнал. 1-саны 1990 ж. қаңтарда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық кәсіподақтар кеңесінің басылымы ретінде жарық көрді. 1999 ж. "Денсаулық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналды. Журнал қазіргі заманғы медицина мәселелеріне, әсіресе аса көп тараған аурулар мен қауіпті індеттерге баса назар аударып, олардың алдын алу, емдеу шараларын дер кезінде көтеріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, судың, ауаның, топырақтың ластануы, биосферада экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, Қазақстанның әскери сынақ алаңдарына айналған аймақтарындағы (Семей, Батыс Қазақстан, Қызылорда) радиация кесапаты - журналдың негізгі тақырыбына айналды. "Денсаулық" елімізде медицина мекемелерінің жұмысын, дәрігерлердің кәсіби мамандығын жетілдіру, емдеу сапасын жақсарту мәселелерімен қатар еңбек етудің, тамақтанудың, демалыстың ыңғайлы режимі, оңтайлы психологиялық ахуал жасау, дене шынықтырудың бұқаралық түрлерін дамыту шараларына ұдайы көңіл бөледі. Медицина тарихына, дәрігерлердің еңбек жолына арналған, дәрі-дәрмектерді қолдану туралы материалдар арнаулы айдарлармен берілді. Журналдың көлемі 4 баспа табақ, таралымы 9000 дана (2000).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify