Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нұртуған Кенжеғұлұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (Қыр шектісі (т) өңдемелерінен Kaiyr соңғы нұсқасына қайтарды)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:
'''Нұртуған Кенжеғұлұлы''' (1887, [[Арал ауданы]] [[Аманөткел]] ауылы [[Мырзабас]] мекені – 1930, сонда) – ақын.
+
'''Нұртуған Кенжеғұлұлы''' (1887, [[Арал ауданы]] [[Аманөткел]] ауылы [[Мырзабас]] мекені – 1930, сонда) – ақын. [[Әлімұлы]] тайпасының [[Шекті]] руының [[Жақайым]] тармағы<ref name="http://almatykitap.kz/goods/7231.jsp">{{cite web | url=http://almatykitap.kz/goods/7231.jsp | title=Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,}}</ref>.
  
  

23:47, 2025 ж. қаңтардың 21 кезіндегі түзету

Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887, Арал ауданы Аманөткел ауылы Мырзабас мекені – 1930, сонда) – ақын. Әлімұлы тайпасының Шекті руының Жақайым тармағы<ref name="http://almatykitap.kz/goods/7231.jsp">Үлгі:Cite web</ref>.


Атасы Еспембет суырыпсалма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін медреседе Мұхаммеди молдадан дәріс алған. 13 – 15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Алғашқы эпикалық туындысы – «Едіге» жыры (1910). 1910 – 20 жылдары «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», т.б. ірі эпикалық жырлары қазақ халқының өшпес мұрасына айналды. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін нақыл-терме, толғаулар, тарихи дастандар, тұрмыстық жырлар, т.б. жыр үлгілерін жазған. Ақын өмірінің сегіз жылын (1922 – 30) ауыр науқаспен өткізген. Нұртуған шығармашылық сан салалы, қазақ әдебиетінің бірнеше жанрына қомақты үлес қосқан, Оның Исатай – Махамбет туралы «Ақ Кете Шернияз», жоңғар қалмақтарының басқыншылығы жайында «Ақтабан шұбырынды» атты тарихи дастандары, «Адалдыққа не жетсін», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», т.б. терме-толғаулары, көптеген хат-өлеңдері бар. Нұртуған Арал өңірінде «Нұртуған мектебі» аталатын дәстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебін қалыптастырды.

Ақын мұраларын Ә. Суханберлин, Б. Жүсіпов, А. Сақыпұлы, т.б. ғалымдар зерттеген.

Шығармашылығы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала