Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Джордано Филиппо Бруно"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Джордано Филиппо Бруно – италиялық философ, ақын, астроном. Ол 1548 жылы Италияның Нола қаласында туған. Есейіп өскен шағында дінге қарсы көзқарасы үшін Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция Бруноны сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін оны тірідей (1600 жылы он жетінші ақпан күні Рим қаласында) отқа жағып өлтірді. Бруно философияның мақсаты құдай бар деп білу емес, «заттардың өз құдіреті» болып табылатын табиғатты тану деп тұжырымдады. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды. Болмыстың негізгі өлшемі – монада. Ең жоғары субстанция – «монадалардың монадасы» немесе құдай; ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Бруно өз дәуірі үшін озат, кейін дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды.<ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>
Дереккөздер
<references/>