Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлия Ұнайқызы Жақсыбаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Әлия Ұнайқызы Жақсыбаева 1952 жылы 18 қазанда Гурьев қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жақсыбаев ¥най Жұмағазыұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. Анасы - Ибрагимова Жәмилә Шаймерденқызы, Махамбет атындағы Атырау облыстық Қазақ драма театрында актриса. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1972 жылдан бері - Махамбет атындағы Гурьев облыстық Қазақ драма театрында актриса (қазіргі - Махамбет атындағы Атырау облыстық Қазақ драма театры). «Мөлдір Махаббат» (Бәтес), «Болашаққа аманат» (Торғын), «Тосқауыл» (Әмина), «Асауға-тұсау» (Бьянка), «Үш әйел алған еркек» (Пішту) спектакльдерінде ойнайды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2002). Діни көзқарасы - дінге сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеуші». Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет. Ұлы - Берішбаев Қайрат (1991 жылы туған); Қыздары - Берішбаева Гүлсара (1975 жылы туған), Берішбаева Гүлмира (1976 жылы туған), Берішбаева Эльмира (1978 жылы туған), Берішбаева Гүлнар (1986 жылы туған), Берішбаева Айгүл (1988 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub