Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үнді жорығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Үнді жорығыҮндістанды отарлау жоспары. 1791 жылы Франция Үндістанды бірігіп жаулап алу мақсатымен Екатерина ІІ-мен келіссөз жүргізеді. Аяқсыз қалған бұл келіссөз Екатерина қайтыс болғаннан кейін қайта жанданды. Жаңа патша Павел І Н.Бонапартпен келісе отырып, жорықтың нақты жоспарын жасайды. Ол бойынша екі мемлекет 35 мыңнан 70 мың әскер шығарып, француз әскері Каспий теңізі арқылы Қызылсу шығанағына түсетін болды да, орыс армиясы Астрахан, Гурьев (Атырау) арқылы Үстірт, Хиуа жолымен жолындағы елдерге қарулы күшін көрсете отырып, Моғол империясын қалпына келтіреміз деген желеумен Үндістанға аттануға тиіс болды. Сөйтіп, 1801 жылы 1 наурызда Дон әскерінің атаманы генерал Орловтың басшылығымен 40 казак полкі – 22507 адам 24 зеңбірекпен Еділден өтті. Астраханда оларға 500 адамдық қалмақ полкі мен жаяу әскер полкі қосылуға тиіс болды. Орыс армиясының қолбасшысы болып, кейіннен 1812 жылғы Отан соғысының батыры М.И. Платов тағайындалды. Әскер Гурьев қалашығына жақындаған кезде патша Павел І-нің қайтыс болғаны жайлы хабар келді. Жаңадан таққа отырған Александр І-нің бұйрығымен әскер кері қайтарылып, қазақ даласының батысы үлкен ойраннан аман қалды.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub