Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жанар Жақияқызы Әубәкірова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Нұрлан Рахымжанов Әубәкірова Жанар Жақияқызы бетін Жанар Жақияқызы Әубәкірова бетіне жылжытты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жанар Жақияқызы Әубәкірова(Яқияқызы; 29.9.1958 жылы туған, Алматы қаласы) – экономика ғылымның докторы (2003). ҚазМУ-дың философия-экономикалық факультетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1987) бітірген. ҚазМУ-да стажер-ізденуші (1982–1984), Алматы энергетикалық институтында оқытушы, аға оқытушы (1988–1995), Қазақ экономикалық университетінде (1995–2005, бұрынғы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) доцент, профессор міндетін атқарушы, ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (2005) болды. «Посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция: теориясы, методологиясы мен практикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әубәкіров 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>